Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулымның” жұлдызы: Маған “тоқал бол” деп жазатын шалдар көп

“Қалаулым” бағдарламасының танымал қатысушысы Альмира Асхатқызы 6-сыныптан бастап тойларға шығып, өзінің алғашқы табысын тапқан. Ол тойда фотограф болып жұмыс істеп жүріп, би билеп, ән айтты. Бүгінде ол биші-әнші қыздарға өзі жетекшілік етіп, қыз ұзатып жүр. Тіршілікке ерте араласқан қыз тойда жүріп “Қалаулымның” қатысушыларымен таныс болады. Альмира Асхатқызы Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында “Қалаулымға” қалай келгені, бағдарламаға дейінгі өмірі жайлы, өміріне сабақ болған басынан өткерген оқиғасы туралы айтып берді.

Қалаулымның жұлдызы өзіне тоқал болу туралы ұсыныстар көптеп түсіп жатқанын айтты

Альмира, өзіңіз жайлы толығырақ тоқталып өтсеңіз.

Негізі Жамбыл облысы, Отар деген жерде туғанмын. Әкем сол жерде әскери қызмет атқарған. Анам жұмыс істеген жоқ. Үйде үш қызбыз. Мен кенжесімін. 4-сыныпта әкемнің жұмысы бойынша Қапшағай қаласына қарасты Заречное деген жерге көштік. Ондағы жұмыстары біткен соң Алматыға қоныс аудардық. Осы Алматыдағы физика-математикалық мектептердің бірінде білім алдым. Сөйте тұра, қазақ тілі мен әдебиетінен мұғалім болғым келді. Мектепті бітірген соң грантқа түсетініме сенімді болғанмын. Бірақ балым жетпей, қалаған ЖОО мен мамандығыма түсе алмадым. Содан Алматыдағы колледждердің бірінде оқу бітіріп шықтым. Ал қазіргі таңда тойдан өз нәпақамды тауып жүрмін.

Қалаулымның жұлдызы өзіне тоқал болу туралы ұсыныстар көптеп түсіп жатқанын айтты

«Қалаулымға қалай» келдіңіз?

2017-нің аяғында  “Қалаулымдық” Сәкенді тойдан көріп қалдым. Алғашында сымбатты, интеллигентті жігіт болып көрінді. Ол кезде мен “Қалаулымды” көрмейтінмін. Кейін достарым Сәкеннің сол бағдарламада қатысушысы екенін, қыз іздеп жүргенін айтып, маған үміткер болуға ұсыныс білдірді. Басында қарсы болдым. Бір апта өткен соң танысым хабарласып, “Қалаулымдағы” Мәдидің қарындасын ұзатып салатын адам керектігін айтып, маған өтініш жасады. Сол тойда қалаулымдықтарды көрдім. Достарым олардың инстаграмда танымал “жұлдыз” екенін айтты. Олай жігіт іздеп танымал болмай-ақ қойдым деп бағдарламаға баруға қарсы болдым. Сосын достарым Сәкенмен танысып, бағымды сынап көр деді. Ол кезде хайп, пиар дегеннен хабарым жоқ, жай танысам деген ойда болдым. “Қалаулымға” барған соң Сәкен ойымдағыдай болмай шықты.

Екінші маусымға қалудағы мақсатыңыз не?

Бірінші маусымда бес ай отырдым. Келген үміткерлерден жұп таба алмай ұят болды. “Саны бар сапасы жоқ” дегеннің кебі. Қыз бен жігіт ретінде “мен жігітті осылай жақсы көрем” дегендей үлгі де көрсете алмағаныма ішім қынжылады. Екінші маусымда қалуға екі тараппен де келісім болды. Бағдарлама редакторлары қалуға ұсыныс жасады, мен қарсылық білдірмедім.

Қалаулымның жұлдызы өзіне тоқал болу туралы ұсыныстар көптеп түсіп жатқанын айтты

“Қалаулымда” айтқан: “Күйеуім тоқал алам десе қарсы емеспін” деген сөзіңіз көп пікірталас тудырды. Пікіріңіз әлі өз күшінде ме?

Сол мәселемен “Альмира тоқалдыққа қарсы емес” деген сөз шығып кетті. Көпшілігі “Альмира тоқал болуға қарсы емес” деп шатыстырды. Тіпті, бағдарламадан кейін үлкен кісілер мен қаламыздың имамдардың өзі “Маған тоқал бол. Менің әйелім рұқсат береді” деп жазатын болды. Мен тоқал болам деген жоқпын. Егер күйеуім алам десе, қарсы емеспін деген едім. Әйелдер “еркектердің миын уладың” деп те ренжіді.

Тілекпен ара қатынасыңыз жайлы. Қашан жұп боласыздар?

Тілек өте сабырлы, мінезді жігіт. Бірақ әлі де болса Тілекке сезім бар деп нақты айта алмаймын. Көп үміткерлерге сенімсіздікпен қарап үйреніп қалғаннан кейін, әлі де болса Тілекке сенімсіздікпен қараймын. Тек басқа үміткерлердегідей емес бауырбасу бар. Сәл хабарласпай қалса іздеп тұрамын. Бір-бірімізді қызғанып қалатын да жағдайлар көп. Жұп болуға келсек, “Альмира саған үйленем, нақты жүрем” деген жігіт болса ғана жұп болуға келісемін. Ондай болмаса әркіммен қол ұстасқан мен үшін жат нәрсе.

Қалаулымның жұлдызы өзіне тоқал болу туралы ұсыныстар көптеп түсіп жатқанын айтты

Ал егер Тілекпен де ара қатынасыңыз дұрыс болмай жатса, үшінші маусымға қаласыз ба?

Жауап беруге қорқынышты сұрақ. Бұл сұраққа ойланып көрмеппін. Бірақ біз жұп болып содан кейін барып арақатынас үзіліп жатса мүмкін үміткер қабылдауды тоқтататын шығармын. Жобадан кетуім де мүмкін.

“Қалаулымнан” не түйдіңіз? Бағдарлама сізді қай жағынан өзгертті?

Өмірлік тараптан “Қалаулымның” маған зиянынан пайдасы көбірек тиді. Көп нарсені ұғып жатырмын, адамдармен араласып, екіжүзділіктің не екенін білдім. Танымалдылық та бар. Көрген жерде танып жатқан адамдар сыйлап, бастарына көтеріп жатады. Өмірде Альмира қандай болса, бағдарламада да сондаймын.

“Өмірге ерте бейімделдім, тойларға шығып жұмыс жасадым, көп адамдармен араласып түйгенім мен білгенім бар” деп жатсыз. Сізге сабақ болған басыңыздан өткен оқиғаның біреуіне тоқталып өтіңізші.

– Қаланың сыртына тойға бардым. Той біткен соң қайтатын көлігіміз бұзылып, таңғы төртке дейін жөндеді. Көлікте кішкентай балалар да мазасызданып кеткен соң мені қалаға жақын жерде тастап кетіңіз, ары қарай өзім жетіп аламын дедім. Содан қолымдағы ауыр заттар мен киімдерімді көтеріп, такси ұстау үшін жолдың бойына шықтым. Сәлден соң бір жеңіл көлік менің қасымнан өтіп барып тоқтады. Ішінен он жігіт түсті. Таңғы сағат төрт. Тоқтап жатқан бір машина жоқ. Қатты қорықтым. Қашсам артымнан қуатынын білдім. Құдай жібергендей бір машина біз жаққа қарай бұрылды. Машинадағы кісіге:”мұнда қалдырсаңыз, мына жігіттер мені тірі қалдырмайды” деп жалынып, мініп алдым. Ол кезде жігіттер машинаны тепкілеп, таксистке “қызды қалдырып кет” деп қорқытты. Біз машинамен қаштық. Олар артымыздан қуды. Ақырында оларды адастырып, үйге аман-есен жеттік. Сол кезде ұстап алса, бір қыздың өмірін жалмайтынын ойласам менің жүрегім ауырады. Сол оқиғадан соң түнде жүруге қорқамын.

Автор: Мәлік Жанна

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

 

Талқылау