Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қалаулымнан» жарын тапқан бойжеткен ұзату тойында жұлқынып билеймін деп сынға қалды (видео)

Атышулы «Қалаулым» шоуы арқылы теңін тапқан Жанерке Елшін күні кеше ұзатылды. Алайда ұзату тойында жұлқынып билеген бойжеткенді көпшілік жақтырмай қалды, деп жазады Stan.kz.

«Қалаулымнан» жарын тапқан бойжеткен ұзату тойында жұлқынып билеймін деп сынға қалды (видео)

Жанерке Елшін өзімен бірге атышулы шоуға қатысқан Еркебұлан Ахметбекпен бас қосып, тұрмысқа шықты.

 

Кешелі бері желіде Жанеркенің ұзату тойында түсірілген видеолар тарап жатыр. Бойжеткеннің өзі де желідегі парақшасында той кезіндегі видеосын жариялады. Шетелдік әнге билеп жүрген Жанеркені көпшілік сынның астына алды.

 

«Шошаңдап билегені ерсі болып кетті», «Ұзатуы да шоу болды ғой», «Тұрмысқа шыққанына қатты қуанған сияқты», «Ұзатылып жатқан қыздың сонша билегені ұят емес пе?», «Сонша секеңдеп не болды. Қазақ қызы үшін ұят мұндай қылық», – деп сынады желі қолданушылары.

Десе де көпшілік жас жұбайларға бақыт тілесіп жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау