Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қалаулым” бағдарламасында Аша Матайға үміткер келді (видео)

Бағдарламада сценарийден тыс тосын жайт болды. Мұндайды күтпеген Аша алғашқыда қобалжып қалды.

“Қалаулым” бағдарламасына Арман үміткер есебінде келді. Ол бағдарламада Ашаға көңілін білдірді. Арман Ашаға үміткер ретінде келгенін айтты.

Мұндай жайт болатынын күтпеген Аша алғашқыда қобалжып қалды.

“Мен  үміткер ретінде келдім. Сізді теледидардан көріп ұнатып қалдым. Танысуға келдім, есімім Арман, жасым 28-де. Мінезіңіз жақсы секілді, бірақ көп сөйлейсіз”, – деді Арман Ашаға.

Кейіннен Арман мұның әзіл екенін айтты.

“Мені жарым ұялтып тастады, өзі де, мен де қобалжып тұрмыз”, – деп күлді Аша Матай.

Аша Ханымға үміткер келді😍❤

Публикация от Қалаулым ❤ (@my_kalaulym)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау