Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қалаулымның" қатысушысы Альмира Тілекпен ара-қатынасының тоқтауының нақты себебін атады

"Қалаулым" жобасының екі маусымына да  қатысқан Альмира Stan.kz тілшісіне Тілекпен неге айрылысып кеткенін айтып берді.

"Қалаулымның" қатысушысы Альмира Тілекпен ара-қатынасының тоқтауының нақты себебін атады

"Менің тойда өнер көрсетуім, жалпы жұмыс істеуім ара-қатынасымыздың тоқтауына себеп болды. Жұп болғанымызға екі апта болса да, үйде отыр, тойға шықпа, хиджаб ки деген талаптары маған ұнамады. Өз ойымды оған айттым, бірақ ол да менің ойыммен келіспеді. Бұның бәрін сылтау деп білдім де, арақатыснасты тоқтаттық", - деп түсіндірді ол Тілекпен арақатынастарының тоқтауын.

Эфирден бөлек хабарласып, мән жайды түсіндірді ма деген сауалымызға Альмира: "Соңғы рет кездескенімізде ұрысып, мән-жайдың ақ-қарасын шеше алмай кеткенбіз. Одан кейін ол жоқ. Мен жылап қанша эфирге шықтым, арақатынасты эфирде тоқтатқан соң да хабарласқан жоқ. Содан кейін парақшасынан біз екеуміз түскен бүкіл суреттерді алып тастапты. Одан кейін ол мүлде жоқ болып кетті", - деп жауап берді.

Бойжеткен Тілек қайта оралып, қайта қосылайық деп ұсыныс жасаса да оған келіспейтінін айтады.

"Кешірмеймін де, қайтадан қосылмаймын да. Мені сонша күн жылатып, сарыуайымға салдыртып, жауапкершіліксіз танытып эфирге келмей, аяғына дейін болмағаны үшін оған кешірім жоқ. Өкінбеймін. Бірақ іштей қынжыламын қай жерден қателестім деген ой болды. Қайта қосылаған күннің өзінде ол талаптарының біреуінде орындамайтын едім", - дейді ол. 

Эфирден кейін көпшіліктің пікірі екіге бөлініп, бірі қолдап жатса, енді бірі: "жігіт үшін жылап, эфирде сорасын ағызғаны несі" деп кінәлап жатты. 

Бұған қатысты Альмира: "Әрине, халықты түсінем. Бар болғаны екі апта жұп болып, артынан сонша жылағаны несі дейтіні рас. Бағдарламада екі жыл бойы отырып, тапқан жігітімен енді бақытты болып, осымен бірге халық алдында жұп болдым ба деген кезде, болар болмас сылтаулармен, жай ғана үн-түнсіз тастап кеткені мені көңіліме қатты тиді. Эфирге келіп өз ойын айтып жігіттік танытпады. Мүмкін маған дейінгі қызын қызғандыру үшін келген шығар. Маған ол туралы түрлі ақпараттар келіп жатыр. Тіпті, "ол сенімен жүрсе де намазхан қыз тауып алыпты, хиджаптаы қыз екен. Ойының бәрі соған кетіп қалып " деген мәліметтер де алып жатырмын дейді.

Тілектің бұл іс әрекетіне Альмираның ата-анасының реакциясы да дұрыс болмапты:

"Жақсы болды деп айта алмаймын. Әкем қатты ашуланшақ адам емес, бірақ іштей ашуланғанын байқаймын. Ал анам әкемнің көңіле қарап жүреді. Анам жұбату айтты. Бірақ ата-анамның алдына әлі күнге ұяламын" (көзіне жас алып), - дейді бойжеткен.

Альмираның айтуынша, қазір отбасыларында Тілек туралы тақырып қозғалмайды.

Бұған дейін Альмира бізге берген сұхбатында "егер жұп болып, арақатынас тоқтаса, калаулымнан кетемін" деп айтқан еді. Бұған қатысты ол:

"Алғашында жобадан кету туралы ой болды. Бірақ артынан ойланып қарасам, мен не үшін кетуім керек? Жұп болғанымызға 5-6 ай емес, небәрі екі апта болды. Сол себептен де мен де бақытты болуға лайықтымын. Сіздерге сұхбат берген кезде дәл осындай жағдай болады деп ойламадым. Ешкім айырылысам деп қосылмайды. Сол үшін бағдарламадан кетпеймін. Өз бақытымды ары қарай іздеуді жалғастырамын. Тілек сияқты әлсіздік танытпаймын. Дұшпандарыма күлкі қылып кеткені үшін бақытты болсын. Басқа айтарым жоқ", - деп бағдарламадан әзір кетуге жоспары жоқ екенін жеткізді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр