Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалаулымдық Диана: Инстаграм арқылы айына 1,5 миллион теңге табамын

Қалаулымдық Диана Ерболатқызы ай сайын қомақты табыс табатынын жариялады. Өзінің қосымша жұмыстарынан бөлек бойжеткен желі арқылы 1,5 миллион теңге ақша табатынын жеткізді. Сонымен қатар күйзеліске түсіп, одан қалай арылғанын айтты.

Бұл туралы “Бір болайық” You tube арнасына берген сұхбатында айтты. 

Диана Ерболат Қалаулым арқылы көпшілікке таныс. Желіде белсенді, өз оқырманы бар. Жобада Ерасыл есімді жігітпен жұп болып, тойға дейінгі қадамдарға барды. Алайда шаңырақ көтереді деп жүрген жұп аяқ асты шешімдерін өзгертіп, екі жаққа кеткен еді. 

“Мен ауыр күйзеліске түсіп кеттім. Желідегілер небір пікір жазып жатты. Менің ешнәрсеге зауқым болмады. Үйде бір апта қараңғы бөлмеде жаттым. Інілеріме, жақындарыма ескерттім. Мені мазаламауын сұрадым. Ешкіммен сөйлеспедім. Бірақ өзіме қол жұмсау туралы ойлаған емеспін. Мен өзіме қол жұмсайтындай адам емеспін. Ондайға бармаймын”, – деді Диана. 



Диана Ерболат бұған дейін жеке дүкенін ашып, кейін карантинге байланысты жауап тастаған. Алайда желі арқылы қомақты қаржы табатынын айтты. 

“Карантинге байланысты дүкендерім жабылып қалды. Қазір басқа жұмыстармен айналысып жүрмін. Тек Инстаграм арқылы айына 1,5 миллион теңгедей аламын. Бұл тек желі арқылы алатын ақшам”, – деді ол. 

Ал Ерасыл Дианаға шын ғашық болғанымен екеуінің мінезі сәйкес келмегенін айтады.

“Мен Диананы шын жақсы көрдім. Осы уақытқа дейін ондай қыз кездестірген емеспін. Олай ешкімді жақсы көрген жоқпын. Әлі де жақсы көремін. Осылай аяқталғанына да, онымен кездескеніме де өкінбеймін. Екеуміз де бір-бірімізді жақсы көрдік. Тек мінезіміз үйлеспейді. Екеуміз бір-бірімізге қарсы шыға береміз. Көп ұрысамыз. Кейін отбасылы, балалы-шағалы болғанда да ырылдасып жүрмейік деп осындай шешімге келдім. Екі жаққа кеткеніміз дұрыс деп шештім”, – деді Ерасыл.

Талқылау