Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қалаулымдық" Бауыржан Сәкенұлы: айтқаныма көнетін қыздар ұнайды

"Қалаулым" бағдарламасында "Бутя" есімімен танымал болған Бауыржан Сәкенұлы бағдарламаға дейінгі өмірі жайлы, үміткер қыздарды неге жиі қайтарып жіберетіндігі жайлы және әнші Дана Кентаймен арасында не бар екені туралы сұрақтарға Stan.kz тілшісіне жауап берді.


Өзіңіз, отбасыңыз, қайда туып қайда өскеніңіз жайлы қысқаша

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Сазтөбе ауылында 1993 жылы дүниеге келгенмін. Атам мен апама еркелеп өскен ауылдың баласымын. Үйде мен үлкенімін.Өзімнен кейін үш қарындасым бар. Әкем-теміржолда жол серік, анам-медбике. Балалығымда өте ұялшақ болдым. Үлкендердің қас-қабағына қарап өскен тәрбиенібойға сіңіріп өстік. Кішкентайымнан үнемшілмін. Әкемнің тапқаны жетіп тұрса да, көп жерде отбасын ойлап ақша жетпей қала ма деп ойлайтынмын.Бауырларымды, туысқандарымды, отбасымды ойлап тұрам, қайтсем көмектесемін, аяқтарынан тік тұрғызамын деп жауапкершілікті өзіме алып өстім. Мектептесабағымды жақсы оқыдым. Мектеп бітірген Алматыға теміржолшы мамандығына оқуға түстім. Оқуда жүріп талай тентек те болдық, бұзықтық та жасадық. Біраққандай жағдай болса да әкеме сеніп жүрдім. Кез-келген жерден алып шығатынын біліп талай ағаттық та жібердік. Универде жүріп екі жыл қазақ группасында, екіжыл орыс группасында оқыдым.Орысша дым білмейтін кезім. Дәрісханаларда орысша мәтін оқы деп ұстазымызайтқанда дұрыс оқи алмай күлкі болған кездерім де болды. Жалпы оқуды аяқтағаннан кейін мамандық бойынша емес, осы той саласын қолға алып кеттім. 

Асабалық өнер бұрыннан айналысасыз ба?

Оқу бітірген соң әкем мемлекеттік жұмысқа мамандық бойынша орналастырамын деп айтты. Бірақ мен оны қаламадым. Әкеме қазір маған қарап отырған жоқсыздар, өз күнімді өзім көрейін, мемлекеттік жұмысты 30 жастатан асқан соң да жасап үлгерем деп айттым. Әкемнен рұқсатын алғанмен, мардымды жұмыс тауып істемедім. Қаланың ішінде таксист болып жүрдім. Ашып жатқан кәсібім сәтсіздікке ұшырап жатты. Осылай жүргенде отбасымызға ауыр соққы болған бір жағдай болды. Есеңгірегендей күй кештік. Қарыздарымыз көбейіп, жағдай нашарлап кетті. Осылай күйзелісте жүріп, Алматыға жұмыстармен келгенде дос балам тойға керекті заттарды алып баруына көмектесуімді өтінді. Тойға барсақ асаба өзіміз қатарлы жас жігіт екен. Сөйлесіп, танысып біле келе асабалардың бір тойдан 1000 доллар ақша табатынын естідім. Сонымен ойлана келіп, асабалыққа келем деп шештім. Бір жағы ақша табу, екінші жағы бұндай өнерге мектеп кезімнен түрлі
КВН-дерге қатысып жүргендігімде себепші болды.

"Қалаулымға" қалай келдіңіз?

Бірінші маусымынның бір-екі эфирін көрдім. Дина деген қатысушы қызға ойым кетіп, оны ұнаттым. "Қалаулымға" барып танысып көрейін деп айтқанда біраз достар қарсы болды, "атың шықпаса жер өрте ғой сенікі" деп қолдамады. Сонда да барып, бағымды сынап көрдім. Барғанда асаба екенімді білгенде бірден пиар үшін келді деп ойлады. Былай қарап тұрсаңыз, ол бағдарламаға шын оймен бар-барма бәрібір эфирге шықтың ба, соның өзі пиар. Бірақ мен Динаның өзіне де талай жерде пиар қуып емес, өзін шын ұнатып келгенімді дәлелдеуге тырыстым. Эфирге шыға бастаған соң, жай тойлардың өзінде көріп, суретке түсіп халық танып, қолдап жатқаны кәдімгідей жылы тиді. Бірақ Дина ортақ шешіммен ара-қатынас тоқтайды деп эфирде айтқанмен, бұл оның қалауы болды. Шыны керек, менің абыройым түсіп қалмасын деп ойлады. Осылай бірінші маусымнан кеткен соң ауылда жүргенде "Сөз сізде" бағдарламасы хабарласып, қатысуымды сұрады. Сол
жерде отбасы, ер мен әйел қатынасы туралы бір талай пікір айттым. Сол жердегі айтқандарым "Қалаулым" бағдарламасының редакторларына ұнап, мені өздеріқатысушы ретінде кастингке шақырды.

"Қалаулымға" келудегі мақсат?

Редакторлар шақырғанда қарсы болған жоқпын. Келістім. Алғашында анам да, әкем де, жақын адамдар да қарсы болды. Ештеңеге қарамай бардым. Шыны керек, "Қалаулымда" айтпаған шындықты осында айтайын. Барудағы мақсат екеу, оны жасырмаймын. Оның алғашқысы ойымдағы аруды іздеп табу болса, екіншісі халыққа танылу екені айдан анық. Алғашқы эфирде Аша ханымда "не үшін келдің?" дегенде менің талабымды естіп, соған саймын деген едім. Бұл жерде өзім іздеп шаршадым, қыздың өзі мені іздеп келсінші деген ой. 

"Қалаулымға" дейінгі қыздармен арақатынас болғаны өтірік емес. Ол кездегі ажырасудың себебі?

Болды. Мінездің нашарлығы себеп болып жатады көбінде. Махабаттқа келгенде қыздарға көңіл көп бөлмеймін, қарапайым сыйлық алып бермеймін, романтика атымен жоқ. Қымбат бір сыйлық алып берейін деп тұрсам, осы сыйлықты неге өз шешеме немесе қарындасыма алып бермеймін деген ой тұрады. Жұрттар қыздарына жүз мыңдап алтын-күмісін алып беріп жатқанда, бауырым одан да анаңа алып бермейсің ба деп айтамын. Бұл сараңдықтан емес. Қарызға ақша сұраса,жағдайы қиын болып тұрса аямаймын. Дәл осы қыздарға сыйлыққа келгенде сондай ой менде қалыптасып кеткен. Қазір бұл минустардың бәрін жөндеу үстіндемін. 

"Қалаулымда" жұп та болдыңыз, одан бөлек талай қыздар болды. Соның ішінде жұп болып кетеді-ау деп халық ең көп үміттенген қыздарды "тәрбиесіне әңгімемжоқ, өте жақсы қыздар" деп Айнагүл мен Балаусаны оларға лайық емеспін деп шығарып салдыңыз. Сонда сізге қандай қыз лайық?

Ол екеуі де шынымен өте жақсы қыздар. Бағдарлама барысында сол екі қызға өзінің лайық емес екенімді біліп бағын байламайын деп жібердім. Айнагүлге келгендеоның шектен тыс қырсықтығы арақатынасымызға әсер етті. Осы уақытқа дейінгі қыздармен жүргенде мен "атаман" болдым, менікі дұрыс, менікін істейсің деген дүние қалыптасып кеткен. Ал мына жерде мен де қырсық, қыз да қырсық болса, ары қарай жалғастырудың қажеті жоқ деп білем. Ал маған өзімнен сұранатын қыздар көбірек ұнайды: мен жібермеуім мүмкін. Айтқанымды тыңдаса, оны маған деген құрметі деп білемін. Ол маған айқайласа, ұрысса, міне, осы жерден әйелінің еріне деген сыйластығын көремін. Тәрбиесін, ибасын, ата-енесін сыйлауын былай қойғанда, қыздардың ерінен бір саты төмен тұра білу деген қасиетін жақсы көремін. Айтқаныма көнетін қыздар ұнайды. 

Өз ортаңыз асаба ретінде таниды. Халыққа да сол өнеріңізбен жақынсыз. Құпия болмаса гонорар қаншаға өсті?

Бағдарламаға қатысып көпшілік адам шақыра бастағаны рас. Еңбек ақымды сұрағанда олар "неге аз, демек, сен той басқара алмайсың" деп тойларына шақырмай қойған кездері болған. "Қалаулымнан" кейін баға өсті жасырын емес. Алматы ішінде 100 мың. Шымкент жаққа 120 мың, батыс өңірге 1000 доллар. Кезінде 12-15 мыңға шығып, тесік нәскиді үш рет тігіп киіп жүрген бала едік, енді ғой адам бола бастағанымыз. Қанағат деймін. Кейде той иелерінің өзі қымбаттат деп айтқан кездері болады. Алдағы уақытта бағаны өсіру ойда бар. 

"Қалаулымға" дейінгі Бауыржанмен бағдарламадан кейінгі Бауыржанды салыстырып қарайықшы. Не өзгерді? 

Өзгеріс қатты байқалады. Адамдардың екі жүзділіктерін, сатқындықтарын  көрдік. Аптасына бағдарлама бес күн болса,  әр күн сайын бес түрлі трагедия болады. Бізде бәрі шынайы. Көп нәрсені Аша ханымнан үйрендім. Көп жерде, пікір таластарда менікі дұрыс болмай тұрса, қасына шақырып мысалдармен түсіндіріп, болып жатқан ситуацияға екі тараптан да қарап үйренуге, минустан плюс көре алуға шақырады. Анамның да бұл жерде қосқан үлесі зор. Ол кісі де мені сырттай бақылап, өз ақылын айтып отырады. Ал мінез жағынан келсек, ең бірінші сабырлы болуды, ашуды тежей білуді, сөзіңді тыңдамайтын жерге босқа құртпауды үйрендім. Бағдарламаға келгелі ойым да, мінезім де қатты өзгерді. "Қалаулым" шыңдап, пісіріп, тәрбиелеп жатыр десем артық айтқаным емес. 

Сізді Дана Кентаймен не байланыстырады? 
 Оқымандардың көпшілігі Дана Кентаймен қосып жатады. Негізінде екеумізді еш нарсе байланыстырмайды. Ол бағдарламаға қонақ болып келгенде, оның сол жер айтып отырған ой-пікірі, пысықтығы ұнады. Бірақ оның мінезіндегідей қыздар ұнамайды. Қылықтарына сүйсініп қарап, ән айтқанда бірге билегенімізді көрген халық екумізді қосып қойғаны рас. Содан біраз уақыттан соң керек емес суреттерді өшіріп жатқанда Данамен түскен суретті тауып страницама "осындай да сурет бар екен" деп салып едім, екеуі бірін-бірі жақсы көреді екен деп ойлады. Біраз әңігіме болды. Сабинамен де дәл осындай жағдай. Бір рет қана биледік, халық өзі қосып қойды.  

"Қалаулымға" қатысқаныңыз үшін кейін балаңыздың алдында "әке сіз осындай бағдарламаға қатысқансыз ба?" деп сұраса, болашақ қайын жұртыңыз "күйеу баламыз сол бағдарламаға қатысқан екен" деп таңба басса, ұялмайсыз ба?

Жоқ ұялмаймын. Кезінде маған күлген жолдас жігіттер қазір маған жолығу үшін менің бос күнімді күтіп жүр. Бардым, қатыстым, өзіме жұп іздедім, оған еш арланбаймын. Себебі, өмірде де өз жартыңды сіз де, мен де іздейміз. Өмірде іздеу ұят емес, эфирде көрсетіп іздеу ұят па сонда?! Одан кейін эфирде жалаңаштанып, ерсі нарсе істеп жатқан жоқпын. Балам егер солай бетіме басатын болса, "иа қатыстым, соның арқасында әке өзіне орталық ашқан, өз ортасына танылған" деп түсіндірем. 

Досыңызбен жаңа кәсіп бастап жатсыздар. Құттықтаймыз! Мамандығыңыз бойынша емес өнерге, тойға жақын салада "Butyashow" агенттігін ашудағы мақсат не? 

Бірінші, қолымнан келетін тірлік. Екінші, халыққа пайда. Үшінші, ақшасы да жаман емес. Басқа емес, неге орталық десеңіз, той жасап жатқан адамдардың барлық талап-тілегін қанағаттандыру және қолжетімді ету. Танымал әнші, биші, асаба, камера,т.б. барлық тойға керек дүниелердің барлығын жан-жақтан іздеп әуре болмай, менен тауып кетсе, сол біздің еңбектің ақталғаны.
 
Алдағы мақсат.

Үйленіп, отбасын құру. Осы жасап жатқан орталықтың жұмысын жақсартып, осы жұмыстың шыңына жету. Сосын актерлік салаға бет бұру ойда жүр. Оқуын оқып, әбден игеріп алған соң, қазір киноға түсуге ұсыныс жасап жүрген адамдаға хабарласып, кино саласына кетуім де мүмкін.  

 

Автор: Жанна Мәлік

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр