Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қала әкімдігі Астана тұрғындарының жұмыс кестесін өзгертпек

Қарбалас сәттердегі кептеліс мәселелерін шешу үшін қала билігі астаналықтардың жұмыс кестесін өзгертуді көздеп отыр.

987646

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Елорданың солтүстік жағалауында қозғалысты төмендету үшін Астана билігі қала тұрғындарының жұмыс уақытының басталуын өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлады қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.

Үкіметтік сағат барысында депутат Рашит Ахметов Астана қаласындағы Мәңгілік ел даңғылы, Қонаев және Достық қиылыстарындағы қозғалысты төмендету бойынша елордалық биліктің жоспарлары туралы сұрады.  Хорошун осы қиылыстардағы қозғалысты төмендету үшін жол айырық салу мәселесі қаралып жатқаны туралы жауап берді. Жол айырықты жер асты етіп пе жоқ әлді жер бетінде саламыз ба соны ойластыру қалды.

“Тағы бір кезеңді айтпадым: біз қазір барша тұрғындардың жұмыс уақытын, кестесін өзгерту бойынша мәселені талқылап отырмыз, шешімді алдағы екі-үш аптада қабылдаймыз. Яғни, бір мезетте сағат 8-9-дарда бүкіл қала жұмысқа шықпауы үшін жылжытуға тырысамыз”, — деді Хорошун.  Қалалық биліктің астанлықтардың жұмыс кестесін қалай өзгертетіні әзірге белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Полицейлер көлік жүргізушілерін қандай жағдайда тоқтатады

Маман: Жол апатына түскендердің сау органы трансплантациялауға жарамайды

Маңғыстауда 72 жастағы кейуана 5 келініне жалақы төлеп отыр

Талқылау