Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қадір түні қашан келеді және оны қалай өткізу керек

Қадір түні – Рамазан айында түсетін мұсылмандар үшін ең қасиетті түн болып есептеледі.

2217024

Фото: Илья Питалев

Оның нақты уақытын айту қиын. Десе де Рамазан айының соңғы он күнінің бірі Қадір түні болады. Бұл жылы ол 21-інен 22-іне қараған түнге сәйкес келмек. Араб тілінде бұл түнді Ләйләтул Қадр деп атайды.

Мұсылман сенімі бойынша дәл осы қадір түнінде аспаннан Жебірейіл періште түсіп Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құран кітапты берген. Бұл түні Алланың мейірімі әдеттегіден артып, адамдар қасиетті түнді мейлінше дұға етіп өткізуге тырысады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

Бұл түні аспаннан жұлдыз ақпай және бірде бір бұлт қалмай қояды екен. Бұл түнді қарсы алар алдында мұсылмандар толықтай ғұсыл құйынып, жуынып, денесі мен көңілдерін барлық кірден арылтады.

Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынаны да қамтиды.
Қадыр түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі “Қадір” сүресінде:

1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», – деп баяндайды.

Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаһ Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Аллаһтан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», – дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінен шын жүректен сұрап, дұға еткен жөн.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», – деген.

Құранда бұл түннің артықшылығын түсіндіретін арнайы сүре де бар. Ол сүреде Жаратушы иеміз былай дейді:

«Анығында Біз Құранды Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Ол түні періштелер мен Рух Раббыларының әмірімен жерге түседі. Ол таң ағарып атқанша жалғасады» («Қадір» сүресі).

Оқи отырыңыз:

Астанада шетелдіктен 40 мың теңге алған таксист ақшаны қайтарып берді

Қытай қазақтары “қысым көріп жатқандарын” айтады

Азан даусына шағымданған астаналықтарға министрлік жауап берді

Шымкенттіктер тәртіп бұзған «дөкейдің» алдында жорғалаған полицейді түсіріп алды (видео)

Талқылау