Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирургтер 13 жастағы қыздың жүрегінен ине алып шықты

Кабардино-Балкария ауруханасында хирургтер он үш жастағы қыздың жүрегінен инені алып шықты. Науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер жақсы болжамдар жасап отыр.

20160514005657

Бұл туралы “ТАСС” хабарлайды.

КБР денсаулық сақтау министрлігінің республикалық клиникалық ауруханасында хирургтер жүрек қабы қуысы  – жүрек “сөмкесінен” инені суырып алды. 13 жастағы пациент кеуде тұсының ауыратындығына шағымданған.

Науқас және оның ата-анасының сөзіне қарағанда, төсекте жатқан ине қызға кіріп кеткен. Кеуде қуысына жүргізілген компьютерлік зерттеу нәтижесінде ине жүрек қабы қуысында болғаны анықталды.

“Ата-анасына отаның күрделі және қауіптің жоғары екені түсіндірілді. Олар ота жасауға келісімін берді”, – деп атап өтті баспасөз қызметінде. Нәтижесінде ота сәтті өтті.

Қазір жағдайы қалыпты, қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Оны реаниматолог-дәрігерлер бақылауда.

Талқылау