Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қабаған иттің кесірінен құлағынан айрылған бүлдіршінге көмек қажет

Оралдық 6 жастағы Настяның құлағын қалпына келтіру үшін шамамен 2 миллион теңгедей қаражат керек. Бірақ тұрақты табысы жоқ Суржиковтер отбасы мұндай ақшаны таба алмайтындықтарын айтып, көпшіліктен көмек сұрап отыр,- деп хабарлайды ктк арнасы.

44_1

 
Бұл сомаға ресейлік дәрігерлер баланың өзге жерінен тері алып, жұлынған құлақты қалпына келтіреміз деп отыр. Ота 3 кезеңмен жасалуы тиіс. Ал,қабаған иттердің иесінен көмек болмай тұр. Кінәні әуелі Настяның әке-шешесіне жапқан ол 20 мың теңге айыппұлмен құтылған. Артынша итінен бас тартып, жануарды өлтіруге де рұқсат берген. Оқыс оқиға ақпан айының аяғында болған еді. Көшеде ата-анасынан сәл озып кеткен Настяға бұтақтардың арасынан шыққан екі үлкен ит тап берген. Әкесі жеткенше, қабаған иттердің бірі баланың сол құлағын түбінен жұлып үлгеріпті.

«Отаны бір күнде жасап бермес, бірақ, қалпына келтіреміз деп отыр. Күрделі ота көрінеді. Мәскеудегі немесе Челябинскідегі отопластика орталығында жасалады»,- дейді Анастасияның әкесі Василий Суржиков.

Талқылау