Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәсімов Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйегін сұрамақшы

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей премьері Дмитрий Медведевпен кездесіп, Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін елге қайтару мәселесін көтеретінін мәлім етті.

e21b2cfc1255d433891feade768b67be

Бұл туралы ол twitter-дегі жеке парақшасында жазды.

«Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын», – деп жазыпты премьер-министр.

Бұған дейін Кейкі батырдың бас сүйегі Санк-Петербургтен кунсткамерадан табылған еді. Сенатор Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған. Министр: Кейкі батырдың бас сүйегін елге жеткізу бірнеше жылға созылып кетуі ықтимал екенін де жеткізген.

Талқылау