Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінің опасыздық жасағанын естіген әйел ұшақты шұғыл жерге қондырды

Ұшақта отырған әйел жанындағы күйеуінің телефонынан бейтаныс әйелден келген хатты оқып қалады. Ол телефонның бұғаттамасын ұйықтап жатқан күйеуінің саусағымен ашқан екен.

Бұл туралы Gulf News басылымы жазды.

Осылайша, күйеуінің өзіне опасыздық жасағанын біліп қалған әйел ашуға бой алдырып, ұшақты жоспардан тыс жерге қонуға мәжбүрлейді. Бастапқыда жанында ұйықтап жатқан күйеуін ешнәрсе түсіндірместен ұрғылай бастаған.

Ұшақ экипажы барынша әйелді тынышталдыруға тырысады. Жағдай ушығып кеткен соң олар Үндістанның Ченнаи қаласына қонуға мәжбүр болады. Осы жерге әйелі мен күйеуін қалдырып, ұшақ ары қарай ұшып кетеді. Ерлі-зайыптылар өздерімен бірге кішкентай балаларын ала шыққан екен. Олардың ары қарай не істегендері белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда өрт шыққан жерде ер адамның денесі табылды

5 мың ара бойжеткеннің мотоцикліне шабуыл жасады

Талқылау