Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінің ізгі қасиеттерін жұрт алдында атап шыққан келіншек жұртты сүйсіндірді

Менің ғана жан-жарым болғаныңыз үшін, әлемдегі барлық қыздардың ішінен мені ғана таңдағаныңыз үшін! Астаналық келіншек өмірлік серігіне деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын дәл осылай жеткізді. Әйел дастархан басында бас қосқан туыстарының алдында күйеуінің ең ізгі деген қасиеттерін атап, жұртты сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Менің ғана жан-жарым болғаныңыз үшін, әлемдегі барлық қыздардың ішінен мені ғана таңдағаныңыз үшін; Махаббат айдынында сыңар аққуым боп бірге жүзгеніңіз үшін, өмір жолыңызды менімен байланыстырғаныңыз үшін; жақсы-жаман күндерде әрқашан жанымнан табылғаныңыз үшін, барлық еркелігімді көтере алғаныңыз үшін; сүйікті жарым деп мені ғана атағаныңыз үшін, тәп-тәтті перзенттеріміздің әкесі болғаныңыз үшін; әке деген құрметті атқа лайық болғаныңыз үшін, біздің арқа-сүйер тірегіміз болып, жан-жылуыңызды төккеніңіз үшін; жұмыстан үйге қайтқанда үнемі күліп кіріп, жарық шуақ сыйлағаныңыз үшін; Бізді үнемі дұғаңызға қосқаныңыз үшін, дүниедегі ең көркем сөздерді тек өзіңе арнаймын деген жүрекжарды лебізіңіз үшін;

Жылаған сәтімде жұбатып, қамқоршыма айналғаныңыз үшін; “жаныма отыршы, сенсіз ас батпайды” деп үнемі еркелетіп отырғаныңыз үшін; менің кемшілігімді жасырып, мерейімді үстем еткеніңіз үшін; мені, балаларды қуанту үшін бар жағдайды жасағаныңыз үшін; соңғы деміміз біткенге дейін бірге болуды қалайтыныңыз үшін; отбасы үшін күні-түні демей еңбек етуге әзірлігіңіз үшін; бақытты отбасы болуға барынша талпынатыңыз үшін; ер-азаматқа сай барлық жақсы қасиеттер бойыңызда табылғаны үшін; менің салиқалы әйел болуымды Алладан сұрайтыныңыз үшін; Алланы, қиямет күнін әрдайым есіме салатыныңыз үшін; жақсы уағыздар айтып, ізгілікке үндейтініңіз үшін; имандылық дейтін ең бағалы қасиеттің иесі болғаныңыз үшін; өзіңізге өзімнен артық сендіре алғаныңыз үшін; екеуміз екі дене, жанымыз бір деген ұраныңыз үшін сізге алғысым шексіз”, – деп жүрекжарды лебізін білдірді келіншек.

Видеоны көрген желі қолданушылары таң-тамаша! Олардың бір тобы өмірлік жарына деген ризашылығын өлеңдетіп жеткізген әйелге тәнті болса, ендігілері оның әрекетін жасандылыққа балауда.

Ал автор аталған видеоны танымалдылық үшін таратпағанын атап өтті.

“Құрметті достар! Бұл өлеңді Әмірхан Бимаханбетов ағамыздың үйіндегі жеңгеміз Халима оқыды. Бұл тілекті ағамыздың туған күніне инстаграмда тебіреніп тұрып жазған болатын. Астанада болған оқиға. Туған өлкесі Түркістан қаласы. Шынын айтсақ бұлай тарап кетеді деп ойламадық. Жеңгеміз бен ағамызда таңғалуда”, – деп бөлісті ол.

Елордалық отбасының шаңырағында болған оқиғаның видеосы Facebook-те жарияланды. Видеоны мына сілтемеге өту арқылы көре аласыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық полицейлер ес-түссіз жатқан жүкті әйелді құтқарып қалды (видео)

Алматы облысының кәсіпкері 5 жылдан бері балаларды тегін тамақтандырып келеді

Өскеменде темір ұсташы әйел мүгедек балаларға арналған дәмхана ашуды армандайды

Атырауда бауырын өртеніп жатқан үйден алып шыққан 5-сынып оқушысы марапатталды

Талқылау