Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінен ұзақ жылдар бойы зорлық көрген әнші Валерия сырымен бөлісті

Танымал әнші әрі продюсер Иосиф Пригожиннің әйелі Валерия отбасылық өмірі туралы сырымен бөлісті. Ол бұрынғы күйеуінен әбден теперіш көргенін, бірақ көңілсіз естеліктерді барынша ұмытуға тырысқанын айтты.

kleo.ru_-(1)

Сурет smolensk-i.ru

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

Үш баланың анасы, танымал әнші Валерия көптеген жылдар бойы күйеуі продюсер Александр Шульгиннің зорлығына шыдап келген.

“Егер ұрса, ол сені сүйгені” дегенге сүйенсек, ол мені сүйген болуы керек. Бірақ, бұл сондай бір жабайы, дөрекі сезім қалдырады. Онымен физикалық тұрғыда қарсыласу еш пайда бермейтін. Тек оның басына ауыр темір тастап жіберіп ғана жеңуге болатын шығар. Бірақ, мен барынша күнәлі ойға берілсем де, өз-өзімді ұстадым”, – дейді Валерия.

Алайда, отбасылық қиындықтар әншіні сағын сындырмаған. Ажырасқаннан кейін ол балаларын өсіріп, шығармашылық тыныспен өмір сүре бастады.

“Менде ешқандай ауырсыну, уайымдау болған жоқ. Мен өткенді тек қорқыныш түс немесе қорқынышты кино ретінде ғана еске аламын”, – дейді ол.

Ол қазір бақытты өмір сүріп жатыр. Қасындағы күйеуін қорғанындай сезінеді. Әнші тіпті Пригожинмен арадағы қарым-қатынасы оларды некеге дейін апарады деп ойламапты.

“Ол мен өзінен кетіп қалмау үшін мүмкін болғанның бәрін жасады. Мұның алдында мен ешқандай романтикалық қарым-қатынасты жоспарламаған болатынмын. Бірақ, оның маған деген сезімі мен сүйіспеншілігі ерекше болды. Осылайша біздің сезіміміз өмірдің мүлде басқа арнасына түсірді”, – деп сырымен бөлісті Валерия.

Талқылау