Күйеуінен күнде таяқ жеп азап тартқан әйел сырымен бөлісті

Жұма, 1 Сәуір , 2016 15:38

Жазира Т. (кейіпкердің аты-жөні өзгертілген) Қызылорда облысындағы қарапайым ауылдардың бірінде тұрады. Бес баласы бар 43 жастағы әйелдің айтуынша, күйеуінің таяғына көніп келе жатқанына 25 жыл болыпты. Әйелін жиі ұрып-соғу ері үшін үйреншікті іске айналған.

вввв

Бұл туралы Азаттық сайты хабарлайды.

“Үйдің үлкенімін, күйеуім екеуміз бір ауылда туып-өстік, көрші тұрдық. Екеуміз сегізінші сыныптан бастап бір-бірімізді ұната бастадық, ол мені 19 жасымда алып қашты”, – дейді Жазира Т.

Жазира Алматыдағы қыздар педагогикалық институтына оқуға түскісі келген. Бірақ Уәлихан қыздың жоспарын бұзып, жаздың тамаша бір кешінде аузына шүберек тығып, оны ескі «УАЗ» көлігімен алып қашқан. 19 жастағы бойжеткен ескі дәстүрге қарсы шыға алмай, жігіттің үйінде қалған.

Екеуінің отбасылық өмірі осылай басталған. Күйеуінің де, өзінің де жоғары білімі болмаған. Ата-анасы қайтыс болған соң Уалиханға құрылыста жұмыс істеуіне тура келген. Күйеуі ауылдан табылған әр жұмыстың басын бір шалып, өзінше табыс тауып жүрген. Бір жылдан кейін Жазира егіз бала босанған.

“Күйеуімнің достарының бәрі арақ ішіп, наша тартатын. Біздің ауылда ешкім «косяк» шегуді сөкет көрмейтін. Сондай күндердің бірінде Уәлихан маған алғаш рет қол көтеріп, соққыға жықты”, – дейді келіншек.

Екі жылдан кейін үшінші бала дүниеге келген, келесі жылы Жазира төртінші баласын, ал төрт жылдан кейін бесінші баласын босанған. Отбасы ара-тұра түсетін тиын-тебенмен лаждап күн көрген. Көпбалалы ана бір кезде жалданып көршілерінің үйін тазаласа, енді бірде мектепте еден жуған.

Жазира күйеуінің қалай маскүнемге айналғанын байқамай да қалғанын айтады. Удай мас күйінде көшеде жатқан жерінен талай жетектеп әкелген, достары мен туыстарының көбі олардан сырт айналған. «Қазір 22-ге келген үйдің ересектері – егіз ұлдар  ішкіш әкелерінен безіп кетті»,- дейді Жазира.

Жазираның күйеуі қазір мүлде жұмыс істемейді, аналарына ұлдары қарайласады. Күйеуі ішкенін де, ұрғанын да қоймаған. Озбыр күйеуінен балалары қорғағанымен, Жазираның бойында мәңгі үрей қалып, әбден түңілген. Ол «балаларым үшін өмір сүремін, балаларымды үйлендіріп, немерелерімді бағып-қағамын» дейді.

Жазира айына 10 мың теңгеге жалданып, көршілерінің жеті сиырын сауады. Балаларға сегіз мың теңге жәрдемақы алады, бала-шағасын сәті түсіп кездесіп қалатын жұмыс істеп тапқан тиын-тебенмен асырап отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар