Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуін өлтірткен әйел киллерге ақысын толық бермегендіктен полицияға ұсталды

Бұл іс бойынша киллер өз кінәсін мойындап, оған қатысты сот үкімі де шығып қойған. Ол істі қарау жабылып кеткен тұста өлтірілген азаматтың әйелі осы «еңбегі» үшін оған 800 мың теңге уәде еткенін, бірақ осы соманың  50 мыңын ғана бергенін айтып шағымданған.

әйеллл

Алматы облысы ІІД хабарлауынша 2016 жылдың  қаңтарында  әйел полицияға 42 жастағы күйеуінің із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлап, іздеу жариялаған. Осыдан кейін Жамбыл облыстық  полиция басқармасына 20 жастағы жігіт келіп, іздеудегі кісі өзі өлтіргенін айтқан.

Тергеу барысында анықталғандай қылмыс 2015 жылдың  желтоқсан айында болған. Жігіт полицейлерге оны қалай істегенін толық баяндап, мәйітті қайда жасырғанына дейін көрсетіп берген.

«Алматы облыстық соты жігітті бас бостандығынан айыру бойынша осы жылдың мамырында үкім шығарған. Сондай-ақ, жәбірленушінің әйелін айғақтарды жасырғаны үшін,  3 жылға  бас бостандығын шектеу туралы үкім оқылған. Жақында ғана осы қылмыстың тапсырыс бойынша жасалғаны белгілі болған. Жазасын өтеуші осының барлығын өлтірілген азаматтың әйелі берген тапсырма бойынша орындағанын жайып салған. Тапсырыс берген әйел оған 800 мың теңге уәде еткенімен, 50 мың беріп алдап кетіпті»,-дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Полицияға  бұл істің расымен де тапсырыс екенін жазасын өтеуші  телефон арқылы сөйлескен сөздердің аудио жазбасымен дәлелдеген.

«Күдікті әйел  өзіне тағылған соңғы айыптарды мойындады»,-дейді полиция қызметкерлері.

Өз күйеуін немесе әйелін өлтіруге тапсырыс берген оқиғалар жиі кездесіп жатады. Мысалы  Қостанай облысының тұрғыны өз күйеуін өлтірген азаматқа 70 мың ұсынған еді. Оралдық зейнеткер  қызы мен көңілдесін өлтіруге тапсырыс беріп, киллерге 700 мың теңге уәде еткен еді.

 

 

Талқылау