Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі экстремизм бабымен қамалған әйел адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр

Қазір түрмеде отырған дәстүрлі ислам қауымы бұрынғы уағызшысының әйелі отбасылық өмірі туралы баяндап берді. Күйеуі “экстремизм” айыбымен сотталған соң, әйелі қайын жұртымен жанжалдасып, екі баласымен бөлек кеткен.

747474

Сурет Азаттық

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Түрмеде отырған сәттен күйеуінің діндес “бауырлары” Мәриямға (аты-жөні өзгертілді) жиі қырындай бастаған. Бірақ, екі баласының жағдайымен бас қатырған келіншек, оларға көндікпей келе жатыр. 39 жастағы келіншек әуелі баласы Мұхамедті мектепке апарып салып, сосын дүкендегі жұмысына асығады. Қызы Айша кішкентай болғандықтан, ол жұмыста өзімен бірге.

Алматыға Шымкенттен келген Мәриямды қазіргі күйеуімен таныстырған Мәлік деген жездесі. Ол қазіргі тұрып жатқан пәтерінің де қожайыны. Туыс әпкесінің күйеуі болғанына қарамастан айына Мәриямнан 55 мың теңгені пәтерақы деп санап алады.

Мәриям мен Әбубәкір екеуі отасқан 15 жылға таяу уақыт ішінде талай қиындықтан бірге өткен. Бірақ екі проблемаға қатысты ортақ келісімге келе алмаған. Мәриям «анасы мен әпкесінің ықпалы ғой деймін, әйтеуір ортамызда екі бала дүниеге келсе де, күйеуім некемізді ЗАГС-те (АХАЖ) тіркеткісі келмеді» дейді. Мәриямның «некемізді заңды түрде ресімдемей Алматыда тұру қиын болады ғой» деген қорқынышына ол «несіне қорқасың» деп жауап берген.

Оның қорқынышы Қазақстанда дін туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін тіпті ұлғая түскен. Мәриям күйеуі екеуі ұстанатын діни ағым «бейбіт сипатта» болғанымен, мұндай уағызшыларды қудалай бастауы мүмкін деп ескерткен. Бірақ күйеуі оның қорқынышын қалжыңға айналдырып, «ештеңе болмайды» деп сендірген. Ақыры, әйелінің айтқаны айдай келіп былтырғы жылдың жаз айында Әбубәкір «экстремизм» және «діни араздық қоздыру» айыбымен бес жылға сотталған.

Мәриям алдағы уақытта басқа күйеуге тұрмысқа шығуым да мүмкін дейді. Осы күнге дейін заңды некеге тұрғызбаған күйеуіне ренжулі.

“Тіпті күйеуге тисем де, бұл күнә емес қой. Тұрмысқа шығып жатсам, мұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс”, – дейді Мәриям.

Әбубәкірді түрмеге қамағаннан кейін екеуі Мәриямға енесі «Айшаны алып, Шымкенттегі төркініңе кет, ал Мұхаммедті біз аламыз» дей бастаған. Содан үйде жанжал басталып, көп ұзамай Мәриям екі баласы мен ұсақ-түйек заттарын алып, күйеуінің үйінен кетіп қалған.

Бір бөлмелі пәтер төртеуіне әрине тарлық етеді. Бұлармен бірге туысқан інісі Абдалла да тұрып жатыр. Ол аумағы кеңдеу ас үйде тұрған диванда, Мәриям қызы екеуі залдағы екі кісілік төсекте, Мұхаммед осы бөлмеде жиналмалы диванда ұйықтайды. Бір көңілге жұбаныш ететіні балаларының сабақты жақсы оқитыны.

Талқылау