Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі сотталған келін өзіне демеу болған ата-енесіне ризашылығын білдірді

Қазақстандық келіншектің күйеуі үш жылға сотталып кеткен екен. Ол күйеуін құтқармақ болып барлық дүние-мүлкін сатып жіберген-ді. Енді ата-енесімен бірге пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Десе де, ол өзіне қиын-қыстау сәтте қолдау білдірген ата-енесіне ризашылығын білдірді.

4

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

«Осы уақытқа дейін уайымы мен қайғысы жоқ адамды көрмеппін. Әркімнің өз проблемасы бар. Менің жасым 27-де. Тұрмыстамын. Бір ұл, бір қызым бар. Ата-енеммен, екі қайын ініммен бірге тұрамын. Басында бізде барлығы болды. Шалқып өмір сүрдік десем де болады. Тұңғышыма 9 ай болған кезде жолдасым сотталып кетті. Осыдан кейін барлық қиындық басталды. Оны құтқару үшін барлық дүние-мүлкімізді саттық. Еш нәтиже болмады.

3 жылға сотталған күйеуімді құтқармақ болған қорғаушы алаяқ болып шықты. Барлық ақшамызды алып, қашып кетті. Ата-енем «Қартайған шағымызды далада қаламыз деп ойламадық» дейді. Қазір барлығымыз пәтер жалдап тұрамыз. Қолымызда ешнәрсеміз жоқ. Бірақ, Аллаға шүкір, отбасым тамаша. Оқыған, тәрбиелі адамдар. Бір-бірімізге демеу болып, қолдан келгенше көмектесіп жатырмыз. Мұның барлығы Алла тағаланың бізге берген сынағы шығар. Осы өмірі ме де шүкір. Баршаңызға Алла жар болсын», – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келіншек күйеуінің жалқаулығынан мезі болғанын айтып жылады

21 жастағы ару ақшасын алып, жүкті қылып тастап кеткен жігітін іздеп жүр

Келіншек екі жыл төсектес болған қайын інісін қатты сағынып жүргенін айтты

Келін екі рет тұрмыста болып, жүктілігін жасырған абысыны туралы айтты

Талқылау