Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күрт төмендеген мұнай бағасы қайта көтеріліп келеді

Мұнайға әлемдік баға мұнай өндіруге тиісті квотаны сақтау бойынша ОПЕК шешімі негізінде түскеннен кейін қайта жоғары көтерілуде.

мунай

Бұл туралы  хабарлады РИА Новости.

Мәскеу уақыты бойынша 07.38-дегі жағдай бойынша солтүстіктеңіздік Brent маркалы мұнай қоспасына қаңтарлық фьючерс құны 1,56 пайызға – барреліне 40,9 долларға дейін артты. Бұл ретте сейсенбіде ол 2009 жылғы 18 ақпаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен деңгейге түсті. WTI маркалы мұнайға қаңтарлық фьючерс бағасы 2,04 пайызға – барреліне 38,28 долларға дейін өсті.

Жұма күні Венадағы кездесуде ОПЕК күніне 30 млн баррельді құрайтын мұнай өндіруге квотаны өзгерту бойынша шешім қабылдаған жоқ. Бұл ретте квотаны 1,5 миллион баррельге арттыратын нақты өндіру деңгейін сақтауды шешті. Квота 2011 жылдан бастап күніне ресми 30 миллион баррельді құрайды. Алайда ОПЕК оны тұрақты көтеріп келеді.

Талқылау