Күршім ауданының әкімін өлтіргендер “марапат” ретінде бес жылқы алмақ болған

Сейсенбі, 12 Сәуір , 2016 18:42

Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітовтың өліміне қатысты деректер пайда болды. Бақылау органдарының мәліметінше, әкімді өлтіруге оның жақын туыстары тапсырыс беруі мүмкін.

мммм

Сурет time.kz

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, өткен жылы 14 шілдеде Күршім ауданының әкімі Алтайбек Сейітов өз үйінде өлі күйінде табылған еді. Құқық қорғау органдары ұзақ уақыт бойы Сейітовтың өліміне қатысты жақ ашпаған. Тіпті күдікті ұсталғаннан кейін де, БАҚ-қа ешқандай түсініктеме берілген жоқ. Тек іс сотқа түскеннен кейін барып, бірқатар деректердің басы ашылғандай.

Бақылау органдарынан алдын-ала келіп түскен мәлімет бойынша, әкімді өлтіруге тапсырыс берген оның туысы Әділбек. С (аты-жөні өзгертілді) есімді 51 жастағы азамат . Ол өзінің ауылдас танысы 40 жастағы көлік жүргізушісі болып істейтін Марат. Ж-ға Сейітовты өлтіру туралы ұсыныс айтқан. Әділбек. С оған алғысы ретінде бес жылқы беруге уәде еткен. Марат бұл іске ауыл тұрғындары 34 жастағы Қанат. С мен 23 жастағы Талғат. Ш-ны қосқан. Қастандық 13 шілде күні 23.00 шамасында болған. Олар қос ауыз мылтықпен қаруланған.

Күдіктілер үйге терезе арқылы кіріп, Марат әкімді екі рет атқан. Ол жерге құлаған кезде Қанат пен Талғат келіп басынан қолындағы қаруларымен төпелеп ұра бастаған. Алған ауыр жарақаттан зардап шегуші сол жерде көз жұмады.

Қазір қылмыстық іске қатыс бар төртеуі қылмыстық іс дерегі бойынша сотта жауап бермек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар