Күндіз әртіс, кешке күзетші: Алматылық әртістер жалақысын көтеруді талап етті

Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының ұжымы алатын  жалақысы аз екенін айтып шағымданды. Олардың сөзінше, театрда берілетін жалақы 40 мың мен 100 мыңның аралығында екен. Тапқаны күнкөрісіне жетпейтін әртістер өз жағдайын Мәдениет және спорт министрлігіне жеткізіпті. Таяуда жүзден астамы қол қойып, Ақордаға хат жолдаған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Күндіз әртіс, кешке күзетші: Алматылық әртістер жалақысын көтеруді талап етті

Театр әртісі Әлібек Әспетовтың сөзінше, алатын жалақысы күнкөрісіне жетпейді. Сондықтан жұмысынан бос уақытында той жағалап нәпақасын табуда.

Ал хор әртісі Тұңғышбек Мұсаевтың сөзінше, алатын айлығы 62 мың теңге. Пәтер жалдап тұратын әртіс кешке күзетші болып жұмыс істеуге мәжбүр.

«Жалақым  62 мың теңге. Бұл ақша маған әрине жетпейді. Мен де жалға берілген үйде тұрамын.  Соған 60 мың берем,тіпті  коммуналдық төлемге жетпейді.  Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Кешке мектепте күзетші болып жұмыс істеймін», – дейді Мұсаев.

Жалақының аздығына шыдамаған 13 әртіс биыл театрдан кетіп, өзге жұмысты қолға алыпты. Тек әртістер емес, 80 жылдық тарихы бар театр директорының өзі қосымша жұмыс істейді екен.

«Менің жалақым 177 мың теңге. Маған жетпейді. Менде концерттер бар, продюсерлік, режиссерлік жұмыс істеймін. Кішкене табам қосымша өзімнің жалақыма», – дейді Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры Асқар Бөрібаев.

Айлығы шайлығына жетпейтін әртістердің ендігі үміті билік пен министрлікте. Олар бұл мәселеге атүсті қарамай, шешімін табады деп сенеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар