Күнделікті тұтынып жүрген тағамдағы қызыл бояғыш жәндіктен алынатын болып шықты

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 18:14

Е 120 атауымен белгілі «Кармин» бояғышын қарап тұрып, оның жәндіктен алынатыны ойыңызға да кіріп шықпас. Кармин –  жылдар бойы түрлі жағдайларда қолданып келе жатқан бояғыш түрі.

estrato1

Сурет: spices-technology.com.ua 

Бұл туралы Ihsan.kz хабарлайды.

Карминдегі шикізат – кошениль жәндігі (өсімдіктің шырынын қорек ететін зиянды ұсақ жәндік). Кошениль жәндігі кактус өсімдігінде мекен етеді. Жәндіктің ұрғашысы біраз уақыт өсімдікте өмір сүреді де, көбейер алдында терісіне қып-қызыл кармин қышқылын түзеді. Осындай сәтте оларды жинап алып, термоөңдеуден өткізеді, ұсақтап аммоний гидроксиді немесе көмір қышқылының натрий тұзын өңдейді де сүзгіден өткізіп бояғыш әзірлейді.

Кармин бояғышын бұрын тек киім және сурет салуға ғана қолданса, кейін азық-түлік бояғышына айналдырып алған. Көпшілік жағдайда кармин бояғышы әр беріп тұру үшін ет тағамдарына қолданылады. Сонымен қатар Е 120 қоспасын ірімшік, сүт тағамдары, мармелад және кондитерлік өнімдер мен балмұздақ, кетчуп, соус, қыша, алкогольсіз және алкогольді шараптардан кездестіруге болады. Кармин бояғышы қосылған тағам, сусындар әдетте шие, таңқурай, құлпынай және жидек дәмімен болады.

Жәндіктен алынған кармин бояуын қолдануға шариғат рұқсат етпейді. Оңтүстік-Африканың халал бойынша Ұлттық ассоциациясы тексеріс жүргізіп, кошениль бояғышын харам деп тапты. Сонымен қоса, кармин қосылған далаптарды да қолдану дұрыс емес.

Жіберіп алмаңыз:

Денсаулыққа айтарлықтай зиянды тағамдар

Қызыл еттің қауіпті екені анықталды

Тұзы аз диета тағамдарының қауіптілігі анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар