Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күн сәулесінен қуат алатын қолшатыр жасап шығарылды

Қолшатыр тек жауын мен күннен ғана қорғамайды. Қажет кезінде ұялы телефоныңыздың қуатын арттырып, ыстықта желдеткіш қызметін атқарады.

d8ed4a36448a2973427d095e215a5d2b_L

Сауд Арабиясы мен палестиналық өнертапқыштар бірлесіп күн сәулесінен қуат жинайтын осындай қолшатыр ойлап тапты. Бір оқпен екі қоянды атып түсіруді қалағандар аптап ыстықта қолынан қолшатыр тастамайтын тұрғындарға қолайлы жағдай жасауды көздеген.

– “Әдетте қолшатырды күннен қорғану үшін қолданады. Ойлана келе біз оған күн сәулесінен қуат жинайтын құрылғы қойып, желдеткіш қосуды ойладық. Сондай-ақ аккумуляторға GPS-ті қосып, қайда тұрғаныңды да анықтауға болады. Бұл Египетке құлшылық етуге келген адамдардың бір-бірін оңай табуына көмек береді”, – дейді өнертапқыш Камель Бадави.

Жіберіп алмаңыз:

Жапондар ауа райын бір күн бұрын болжап беретін ақылды қолшатыр ойлап тапты

Қазақ ақсақалы қымыз жасайтын құрылғы ойлап тапты (видео)

Британдық студент жолақысын төлеуге арналған маникюр ойлап тапты

Талқылау