Күллі әлемді тәнті еткен көшбасшы Шейха Мозаның өмірі (фото)

Сенбі, 12 Наурыз , 2016 18:55

Кез-келген мақтауға тұрарлық әдемі әйелдер баршылық. Тізбелейтін болсақ жер бетінде ақыл-ойы мен ерік-жігерін, сұлулығы мен іскерлігін ұштастырған ханымдар жетерлік. Солардың бірі Катардың бұрынғы басшысының әйелі Шейха Моза болып саналады.

7206160-650-1457610806-20

Бұл туралы adme.ru сайты хабарлайды.

Жасы 56-ға келген ханым аңызға айналып үлгерген. Оның есімін еңкейген баладан еңбектеген кәріге дейін біледі. Оны көпшілік Катардың беткеұстар көшбасшысы деп санайды. Шейха Мозаның ұлы сондай-ақ, Катар тағының да мұрагері болып есептеледі. Ол қазір әлемдегі ең жас монарх ретінде елді басқарып отыр.

7206810-650-1457610806-36

Шейха Мозаның арқасында ел өркендеу жолына түсіп, батыс әлемімен қарым-қатынас орнатылды. Ол тіпті өзі Инстаграмдағы парақшасын жүргізіп, түрлі суреттер жариялап отырады. Ал әлемнің сұлулары оның теңдессіз стилімен бәсекелесе алмайтындай.

7206410-650-1457610806-00001

Шейха Моза Катар әмірінің үш әйелінің бірі екеніне қарамастан, бірнеше жылдардар бері мемлекеттің бірінші ханымы болып саналады және араб әлеміндегі ең танымал әйелдердің көш басында. Оны тіпті әйгілі Forbes журналы да жариялап мойындаған. Шейха Моза сондай-ақ, ЮНЕСКО ұйымының арнайы елшісі ретінде қызмет етіп, орта және жоғарғы білімнің дамуына көмектеседі.

Сұңғыла білімді әрі сұлу ханым Катар университетінде социология мамандығы бойынша білім алып, америкалық университеттердің бірінде іс-тәжірибеден өтеді. Бүгінде ол елдің ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды тұлға.

7206710-650-1457610806-43

Арабтың өзге де мықты әйелдерінен айырмашылығы Шейха Моза күйеуімен бірге ресми сапарлар барысында көп елге саяхаттайды. Жоғарғы кеңесте вице-президент болып та қызмет атқарған ол Катардың ғылым және технология саласына инвестици бөлінуіне көп ықпал етті.

7205760-650-1457610806-aa

Ол білім мен ғылымның дамуы жолында жұмыстар істеп келеді. Оның Араб демократиялық қоры азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ-тың дамуына жол ашуда. Шейха Мозаның тікелей араласуымен ел астанасында жетекші америкалық профессорлар дәріс беретін қалашығы бар университет ашылды.

7206360-650-1457610806-0000

Оның билікке жақындауымен Катарда халықаралық масштабтағы шаралар да жиі өткізіле бастады. Оның бір дәлелі – 2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионаты.

7205510-650-1457610806-72

Шейха Моза балалар мәселесіне, балалардың білім алу жағдайына жиі назар аударады. Жоғарғы кеңестің отбасылық мәселелері бойынша жетекшісі ретінде де көп шаруалар атқаруда. Оның идеясымен 7-12 жас аралығындағы балаларға арналған Al Jazeera Children’s Channel балалар телеарнасы да ашылған.

7206660-650-1457610806-48

Оның атағы ел ішінен тыс сыртқа да жайылған. Ол жас пен уақытқа, жеті баласының анасы болғанына қарамастан өзінің сұлулығымен әлем жұртшылығын таңқалдырды. Оның тамаша талғамымен, жекелеген көшбасшылық қасиетімен көпке үлгілі болатын бірегей ханымдардың қатарында.

7205810-650-1457610806-a 7205860-650-1457610806-78 7205210-650-1457610806-60 7205160-650-1457610806-57 7204910-650-1457610806-GettyImages-108409774 7204860-650-1457610806-GettyImages-110839930

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар