Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрлігінің басшылығына келді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне жаңа басшы тағайындады. Бұл қызметке Күләш Шәмшидинова келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Күләш Шәмшидинова

«Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», – делінеді жарлықта.

Күләш Шәмшидинова Алматы облысы Киров(қазіргі Көксу ауданы) ауданынын Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді, Қазақ Ұлттық әл-Фараби атындағы университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған. Бірінші жұмысын орны 1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен. Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті.

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директорынын қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996 – 2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице – министр лауазымына тағайындалған.

2005 – 2007 жылдары – «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.

2007 ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице – министр лауазымыеа қайта тағайындалған.

2009 жылдың қазан айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы болған.

Айта кетсек, бүгін елбасы Қазақстан үкіметінің жаңа құрамын бекітті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау