Күдікті бетіне түкіріп жібергеннен кейін Киевтегі ең әдемі әйел-полицей көз жұмды

Сейсенбі, 26 Шілде , 2016 11:19

Украина құқық қорғау органы қызметкері Михаил Киндракевич әлеуметтік желідегі парақшасында Киевтегі ең әдемі полицей әйел Арина Кольцованың қайтыс болғанын мәлімдеді.

6594a8d5-d054-4578-a5b0-190667562d75

Ол Аринаның 2015 жылы желтоқсан айында өзінің қызметтік міндетін атқарған соң ауырғанын айтқан.

“Аринаның сөзінше, ол жаңа жылдан кейін өзінің бетіне түкірген күдіктіні ұстаған соң ауырып қалған. Біраз уақыттан соң Арина ес-түссіз құлап түсті. Содан бері ол біресе үйде, біресе ауруханада емделіп жүретін”, – деп жазды Михаил.

Арина Кольцованың әріптесі онымен бір жыл бұрын танысқанын айтты. Соңғы кездері әйел қатты арықтап, кейін тіпті мүлде тамақ жемей қойған екен.

“Арина бір жарым жыл бойы аурумен күресті. Соңғы уақытта оның жағдайы нашарлап, тамақ та жей алмай қалды”, – дейді Киндракевич.

Оның артында кәмелетке толмаған қызы қалған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар