Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеужігіт төсек-орнына көңілі толмағандықтан той алдында қалыңдығын тастап кетті

Өзбек жігіті қалыңдығын той алдында тастап кетті. Оған төсек-орнының жұтаңдығы себеп болған.

Бұл туралы Өзбекстандағы жергілікті телеарналардан көрсетіле бастады. Күйеужігіт қалыңдығының төсек-орны қымбат заттармен келеді деп ойлағанын айтады.

«Қымбат түрік заттарын әкеледі деп ойладым. Ал, олар Гиждуван базарының арзан заттарын алған. Олар ауқатты отбасы. Сондақтан қыз жасауы қымбат келеді деп үміттендім», – дейді күйеужігіт.

Бұл оқиғадан соң Ташкент қаласының бас имамы Анвар Тұрсынов пікір білдірді.

«Ешкім қыздың ата-анасынан жиһаз, алтын не техникалық заттар талап ете алмайды. Мұның бәрі ұлдың жағынан келеді. Той үшін де, балалары үшін де күйеуі ақша жұмсауы керек. Әйелінің емі үшін де, оқуы үшін де күейеуі ақша береді. Олай істемейтін болса, ол мұсылман емес», – деді имам.

Елде ақша мәселесіне байланысты осындай оқиғалар жиілеп кеткен. Ерлі зайыптылар арасында да материалдық мәселеге қатысты ажырастаныдар көп.

Алдағы уақытта отбасын жаңа құрып жатқандарға отбасылық дәріс өткізу, отбасылық өмірге үйрету шаралағы қолға алынбақ.

Тағы да оқыңыз:

Атырау облысында құдалар төсек-орын үшін соттасты

Аллаху акбар деп айқайлады: Сирияда Ресей ұшағын атып түсіргендердің видеосы жарияланды (видео)

40 жастағы ер адам туған қызына үйленіп, одан бала сүйген

17 жасында бір бірін ұнатқан қыз бен жігіт 90 жасында үйленгелі жатыр (фото)

Талқылау