Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуінен оңбай таяқ жегенін айтқан әйелдің сотта масқарасы шықты (видео)

Аустралияда Фейсал Хан есімді тұрғын марокколық қызға үйленген. Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмады. Арада 8 ай өткеннен кейін әйелі күйеуінің өзін ұрып-соғатынын айтып, полицияға шағымданған.

Күйеуінен оңбай таяқ жегенін айтқан әйелдің сотта масқарасы шықты (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сидней тұрғыны Фейсал Хан болашақ жұбайы Асмаені танысу сайтынан көріп қалған. Бойжеткен Мароккода тұрғанымен, бұл жайт жас жігіт үшін кедергі болмапты. Ол сүйіктісін Аустралияға алып келіп, шаңырақ көтерген. Алайда арада 8 ай өткеннен кейін түсініксіз жайт орын алды. Үйіне келген Фейсал пәтердің астаң-кестеңі шығып жатқанын көрген. Осы кезде Асмае оған ендігі заңгерлермен сөйлесуге тура келетінін айтып, шығып кетіпті.

Бірнеше сағаттан кейін үйге полицейлер келіп, Фейсалды әйелін ұрып-соқты деп айыптайды. Ер адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін 20 мың доллар (7 млн 300 мың теңгеден аса) көлемінде ақша шығындаған. Артынша ер адам үйіндегі лифтіде орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбаны тауып алады. Видео кадрларында Асмаенің өз-өзін ұрғылап жатқаны көрінеді.

Аталған жазба Фейсалды түрмеден құтқарып қалды. Сот оған тағылған барлық айыпты алып тастады.

Ендігі ер адам биліктен Асмаені Мароккоға депортациялауды сұрап отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау