Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеуі белдікпен сабаған жүкті әйел төркініне қайтуға ұялып жүр

Жас келіншек отасқалы күйеуімен жанжалдасып, бақытты күндерінің сирегенін айтады. Бұған алғашқы неке түнінде өзінің пәктігін дәлелдей алмауы себеп болған екен. Күйеуі ішіндегі 5 айлық сәбиіне қарамастан оны аямай ұрады екен. Келіншек шыдамы таусылғандықтан төркініне қайтқысы келетінін айтады. Алайда жұрттың сөзінен де қысылатынын жасырмайды.

Beremennaya-devushka-v-bolnichnom-halate

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Қазір ішімде 5 айлық сәбиім бар. Күйеуім бір үйдің жалғыз ұлы болғандықтан, ата-енеммен бірге тұрамыз. Ұзақ жүріп әрең қосылған едік. Алғашқы неке түнінде қан ақпай қалды. Ең алғаш сол кезде ұрыстық. Содан бері тату болған күніміз сирек. Енеммен де жиі сөзге келіп, ұрысып қала беремін. Өзімнің әке-шешем алыста тұрады. Бүгін тойға барып едік, арасында сыртқа шығарып алып тағы да ұрды. Үйге келген соң белдікпен сабады. Әке-шешем мен туыстарымды боқтап, ішімдегі баланың өліп қалуын тілейтінін, басқа әйел алғысы келетінін айтты. Төркініме кеткім келеді. Бірақ “Қайтып келген қыз жаман” деген сөзден қатты қорқамын. Оның үстіне әке-шешемнің еңсесінің түсері анық. Әпкелер, не істесем болады? Ары қарай шыдап жүре берейін бе? Бірақ, соңғы кезде қатты шаршадым, жүйкем тозып кетті. Ішімдегі мұңымды жеткізе алдым деген ойдамын. Қазірдің өзінде жылап отырмын. Маған кеңестеріңіз керек”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келіншек өзін кінәлауға дайын тұратын қайын әпкесі туралы айтып жылады

Өзгені сүйіп қалған жас келіншек күйеуімен қайтып айырылысарын білмей жүр

Анасына протез сұрап хат жазған 6-сынып оқушысы жұрттың жүрегін елжіретті

Психолог ер адамның не себепті опасыздық жасайтынын түсіндірді

Талқылау