Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жылда әрең бала сүйген келіншек әйелдерге шыдамды болуға кеңес берді

5 жылдан кейін сәби сүйген келіншек нәзік жандыларға барынша шыдамды болуға кеңес берді.

paternity-2247484_960_720

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Қазақстандық келіншек басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Араларында бала болмай күйеуі екеуі қатты қиналған екен. Тіпті, күйеуінің өзін бірнеше рет үйден қуып шыққан кезі болған-ды. Осыған қарамастан шыдамдылық танытқан келіншек бүгінде бақытты өмір сүріп жатқанын айтып берді.

«Мен өз өмірімнің жақсы да жаман тұстары туралы айтқым келеді. Тұрмыстамын. Құдайға шүкір, бір қыз, бір ұлым бар. Жолдасыммен осыдан 7 жыл бұрын агент арқылы таныстым. Ол уақытта мен 17, жолдасым 23 жаста болды. Танысқан соң, 4 рет қана кездестік. Соңғы кездесуімізде үйленеміз деп шештік. Ол мені өз келісіміммен алып қашты. Той өтті. Менің де басымнан келін мен ене арасындағы түсініспеушілік, абысындар арасындағы келіспеушілік өтті. Алайда әйел адам іштей қаласа, соңына дейін шыдайды екен. Оған кейде өзім де таңқаламын.

Жолдасым талай «үйден кет» деп жүктерімді шығарып тастаған күндер болды. Арамызда 4,5 жыл бала болмады. Бірақ, балаға қатысты күйеуім мін таққан емес. Сабырмен Құдайдан тілеп жүрді. Айдаладағы біреулерге бола көп ұрысатын едік. Бөлек кеткен соң барлығы басылды. Қазір, шүкір, екі баланы бағып-қағып отырмыз. Тұрмыс тауқыметі басымызда бар. Бірақ, еш мойымауға бекіндік. Себебі, екі баламызды аяқтарынан нық тұрғызуымыз керек. Әйелдерге «Шыдамды болыңдар» деп айтқым келеді. «Сабыр түбі сары алтын» демекші, бәріне Алла өзі жәрдемші», – дейді Айжан Ақмырзаева (есімі өзгертілді).

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті көңілдес болып жүріп біреудің әйеліне өзінен бала туғызған

Келіншек енесіне бауыр басып кеткен 2 қызын қайтара алмай жүр

Бойжеткен ұятсыз әрекеттер жасатқан жігіті өзін бопсалайды деп қорқады

Заңгер: Құжатсыз жұмыс істеп алдансаңыз да, құқығыңызды қорғай аласыз

Талқылау