Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеу жігіті тастап кеткен әйел тойын жалғыз өзі өткізді

Францияда күйеу жігіті тастап кеткен әйел өз-өзімен тойын өткізді.

Күйеу жігіті тастап кеткен әйел тойын жалғыз өзі өткізді

Бұл туралы Greek City Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Реймс қаласының тұрғыны Летисия Нгуен өзінің сүйіктісімен 3 жыл кездесіп жүрген. 38 жастағы әйел мен сүйіктісі тойдан кейін сәбилі болғысы келген, сол үшін үйлену тойын ұйымдастыруға белсене араласқан. Алайда Нгуеннің жігіті аяқ астынан ойын өзгертіп, тойға 3 ай қалғанда айырылысып кетті.

Болған жағдайда қатты қамыққан әйел айырылысуға не себеп болғанын түсіне алмай дал болды. Ол өзіне деген сенімділігін қайтру үшін күйеу жігітсіз-ақ тойын өткізуді ұйғарады. Нгуен Грекиядағы Санторини аралында тойын өткізу үшін 18 мың фунт (8 миллион теңгеден аса) жұмсаған.

«Тойда 8 қонақ болды: ата-анам, әпкем, оның күйеуі және ең жақын достарым. Мен өзімнің жүзігімді сол қолымның ортаңғы саусағына тақтым. Бәрі тамаша өтті. Тек күйеу жігітсіз», – дейді Нгуен.

Ол тойдан кейін өзінің аналық бездерін қатырып қойған. Нгуен мұндай әрекетке біраз уақыт өткеннен кейін балалы бола алуы үшін барыпты.

Өз сөзінде Нгуен тойдың жақсы өткенін айтып, ризашылығын жеткізді.

«Болған жайтты ұмыту үшін, ерекше дүние жасауым керек еді. Осылайша өзіме қайта сенімді бола бастадым. Өзімді таптым. Қайта туылғандай болдым. Маған ешбір еркек үйленгісі келмеді. Мен өзімнің керемет жан екенімді білемін, сол үшін өзіме үйленгім келді», – дейді Нгуен.

Айта кетсек, бұған дейін күйеу жігіт WhatsApp үшін қалыңдығын ұнатпай қалып, өз тойына келмей қойған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау