Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күніне 1 кг топырақ жейтін тараздық келіншек ерекше тәуелділігі туралы айтып берді

Тараздық келіншек өзінің “геофагия” атты тәуелділігі туралы айтып берді. Ол 20 жасынан бастап, 2014 жылға дейін күніне бір килограмм топырақ сатып алып жеген екен. Қазір іштегі нәрестесіне зиян болғандықтан, мөлшерін азайтқан.

жюл

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Африкалықтардың 80%-ы құрамында топырағы бар тағамдар жеп өмір сүріп келеді. Ал Индонезияда кірпіш пен топырақты асқа пайдаланатын ауыл тұрғындары бар. Қазіргі медицина топырақтың адамның ішек құрылысына пайдасы барын айтады. Асқазанға түскен топырақ түрлі паразиттерден қорғайды екен. Өйткені, топырақтың құрамында адам ағзасына пайдалы заттар бар.  Бірақ, бұл кез келген топырақты жей беруге болады деген сөз емес. Кесек жеуді ғылымда “геофагия” деп атайды. Жанар Жорабаева дәл осындай тәуелділігінің неден басталғанын айтып берді. Ол 2014 жылға дейін күніне 1 кг топырақ жеген екен.

“Өзіммен бірге әрдайым топырақ алып жүремін. Топырақты сынап көргім келді. “Оны “соқыр ішек болайыншы” деген ниетпен жедім. Топырақтың артынан шемішке шақсаңыз, міндетті түрде бір аптадан кейін соқыр ішек болады екенсіз. Бір емес, үш адамға осындай тәжірибе жүргізіп көрдім. Астананың топырақтарын көп ұната бермеймін. Бұрын Тараз қаласында тұрған кезде Түркістаннан топырақ алдыратынмын. Студенттік кезде группаластарым бірінен соң бірі соқыр ішек болып жатты. Мен де солар секілді ауруханаға жатқым келді. Бір қыз ауруханаға түсуім үшін топырақ жеуге кеңес берді.

2009 жылдары килограммы 300 теңге болатын. Барлығымыз тек бір жерден сатып алатынбыз. Сол жерде үш түрі бар… Көк түстісі құртқа қатты ұқсайды. Топырақты құртпен алмастырайын десем, көзім ісіп, бүйрегіме зиян келтіреді. Қазір барын жеп жүрмін. Бірақ, жақсы топырақтарды Таразда, Түркістан мен Қызылордада сатады. Алғаш аяғы ауыр көршім топырақты сүтті шаймен қытырлатып жейтін. Мен соған қызығып барып сатып алдым. Ол кезде 20 жастамын. 2014 жылы аяғым ауыр болып, дәрігерлерге қаралдым. Олар топырақтың балаға зиян екенін айтты. Оған дейін күнделікті 1 кг топырақ жейтінмін. Уақыт өте келе мөлшерін азайта бастадым. Ауруханаға да, дәрі ішіп те шықтым, бірақ ешқандай ақау болмады. Ата-енем балаларымның үйдің керегесінің топырағын деп жүргенін айтады”, – дейді Жанар Жорабаева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Бейсен Құранбек сыртқы келбетіне көңілі толмаған келіншекті ұрысып тастады

Жалғыздықтан шаршаған мүгедек жігіт өзіне өмірлік серік іздеп жүр

43 жастағы мүгедектің әкесі: Ұлымның дәретханаға өзі барғанын бір көруді армандаймын

Келіншек бедеулігінен емделгісі келмейтін күйеуі туралы айтып жылады

Талқылау