Күн сәулесімен жұмыс істейтін ұшақ Тынық мұхитының үстінен ұшып өтті
Күн сәулесімен жұмыс істейтін Solar Impulse 2 ұшағы 3 күнде Гавай аралдарынан Калифорнияға дейін Тынық мұхитының үстінен ұшып өтті.
Бейсенбі күні Гавай аралдарынан ұшып шыққан ұшақ ең әуелі Сан-Францискодағы әйгілі Алтын көпірдің үстінен өткен. Ұшақты швейцариялық пилот Бертран Пикар басқарған.
Ұшақ қуатты төбесіне орнатылған 17 мың фотоэлемент арқылы алады.
Талқылау