Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күлекбаевты түрмеде ұстап отыру үшін жылына 800 мың теңге жұмсалады

Сот үкімімен өлім жазасына кесілген, бірақ мораторийге байланысты өлім жазасын түрмеде отырып күтетін Руслан Күлекбаевты қамтамасыз ететін шығын көлемі де жария етілді.

393967

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

Бұған дейін Алматы қалалық қылмыстық істерді қарайтын ауданаралық соттың төрағасы Мартпек Кәкімжанов, Күлекбаевтың қатаң режимдегі камерада отыратынын хабарлаған еді. Жазасын өтеушінің қай жерде отырғанына қарамастан, оған өзге айыпталушыларға көрсетілген тәрбие жұмыстары көрсетілмек.

Сондай-ақ, Күлекбаевты ұстап отыруға жыл сайын 800 мың теңге көлемінде қаражат жұмсалатыны да жарияланды.

“Бір айыпталушыны ұстап отырудың жылдық шығыны ретінде 800 мың теңге қарастырылған”, – деп мәлімдеді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Бұған дейін қылмыскердің Челах отырған түрмеде жазасын өтейтіні хабарланған еді. Еске сала кетсек, Алматыда қанды қырғын жасап, тәртіп сақшыларын өлтіргені үшін Руслан Күлекбаевқа сот өлім жазасын тағайындаған еді.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен көзіндегі линзасын алам деп көз алмасын зақымдап алған (фото)

Пайдалы кеңес: Қатерлі ісікке шалдықтырмау үшін телефонды қалай қолдану керек

Қайыр сұрап күн кешкен шымкенттік қария қарттар үйіне орналасуды армандап жүр

Шымкенттік әйел өзін тонаған еңгезердей екі жігітті қуып жүріп сөмкесін тартып алған

Талқылау