Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Johnson’s baby өнімдерін пайдаланған 22 әйел обыр дертіне шалдыққан

АҚШ соты Johnson & Johnson компаниясына 4,7 млрд доллар көлемінде айыппұл салды. 22 әйел ұзақ жылдар бойы J&J компаниясының балаларға арналған сеппелерін қолданғаннан кейін, аналық без обырына шалдыққанын айтып, шағым түсірген еді.

Johnson's baby өнімдерін қолданған 22 әйел обыр дертіне шалдыққан

Миссури штатының соты компанияны әйелдерге өтемақы ретінде 550 миллион доллар, одан бөлек, жаза ретінде 4,1 миллиард доллар төлеуге міндеттеді.

Johnson & Johnson комнаниясына қарсы тағы 9000-ға жуық шағым түскен. Компания соттың шешеміне наразы екенін, қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді.

Сот ісі алты аптаға жалғасқан. Сот кезінде шағым түсіруші әйелдер ондаған жылдар бойы гигиеналық мақсатта аталған компания өнімдерін пайдаланып, обыр дертіне шалдыққандарын айтқан.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау