Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде ғалымдар иесіне өзі ілесіп жүретін робот-чемодан ойлап шығарды

Израиль ғалымдары өз бетінше қозғалып, иесінің соңынан ілесетін «ақылды» чемоданды ойлап тауып, шағаруға дайындауда.

чемодан

Сурет компьютерра сайтынан алынды.

Бұл жүк таситын гаджетті Nua Robotics компаниясының мамандары жобалады. Смарт-чемоданда камералы құрылғы орнатылған. Оның көмегімен иесінің қайда екені айқындалады.

Құрылғы иесінің артынан әзірге тегіс жерде ғана жүреді. Ол үздіксіз режімде көмекшісі қайда екенін хабарлап отырады. Оны ұрлап кету де оңайға соқпайды. Ондай жағдай орын алса,  құрылғының дабыл белгісі іске қосылады, деп жазады шетелдік БАҚ.

 

Талқылау