Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль премьерінің иті Ханука мерекесінде қонақтарды тістеп алды

 Иудейлік Ханука мерекесінің құрметіне өткен шарада Кайя атты  Биньямин Нетаньяхудың иті  белгісіз себептермен   израильдік СІМ басшысы  орынбасарының зайыбын, сондай-ақ ел парламентінің депутатын тістеп алды.

pic_c5bd825983695ad588c06fb20cf77942

Дегенмен ветеринарлық дәрігер дүрлігіп, алаңдайтын ештеңе жоқ екенін атап өтті.

Reuters агенттігінің деректеріне қарағанда,  биылғы жылы осы оқиғаның алдында Нетаньяхудың ұлы жануарлар үйінен аралас тұқым итін асырап алған. Тамызда премьер Twitter микроблогына итті жақсы көретіндерді жануарлар үйінен ересек иттерді асырап алуға шақырған. «Өкінбейсіздер!», – деп жазды Нетаньяху. Кайяның бұл жоғары лауазымды адаммен алғашқы кездесуі емес. Ол АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керриді де көрген.

Талқылау