Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Иванушки” тобының әншісі басына жасалған операциядан соң ішуді қойғанын айтты

Танымал топтың әншісі Кирилл Андррев өз өміріндегі басынан өткен оқиғаны айтып берді. “Иванушкидің” солисті нейрохирургиялық операциядан соң, алкоголь мен темекіден бірден бас тартқан.

Концерт "Старые песни о главном". Кирилл Андреев

Сурет kazved.ru

Бұл туралы dni.ru сайты хабарлайды.

“Иванушки International” тобының әншісі Кирилл Андреев неліктен 16 жылдан бері ішімдіктен татып алмай, темекі тартпай келе жатуының себебін түсіндірді. Солисттің айтуынша ол күрделі нейрохирургиялық операцияны бастан өткерген. Өзінің 30 жасын тойлап жатқан Кирилл шақырылмаған қонақтардың бірімен сөзге келіп қалады. Ақыры, ол басынан соққы алып құлап түседі. Кирилл аса күрделі жарақат алып, бір айдан астам уақыт бойы Склифосовск институтының жансақтау бөлімінде жатады.

“Құладым, басымнан қатты жарақат алдым. Бұл маған “Тыңда, ақымақтықпен айналысқанды доғар! Жақсы өмір салтына бейімдел”
айтқан Құдайдың сөзі деп ойлаймын”, – дейді ол. Трагедия әншінің өмірін өзгертті. Ол зиянды әдеттерден бас тартып, уақытының көп бөлігін жұмысына арнауды жөн санады. Ол қазір тек “Иванушки” тобының шығармашылығымен қатар, өзінің жеке компазицияларын да жарыққа шығара бастады. Ол Ресейде біраздан бері сапалы музыка жоғалып кеткен деп санайды.

“Сапалы музыка қалған жоқ. Бұрын бәрі музыкаға барып, кім көрінген ән айта беретін болса, қазір олардың барлығы шынайы іріктеуден қорқады. Халық та ақымақ емес. Олар бәрін тыңдап, салыстырып отырады. Егер сен жалықтырып, қызық емес музыканы халыққа ұсынатын болсаң сені ешкім де тыңдамайтын болады. Сен осылайша аудиторияның басым бөлігін жоғалтасың”, – дейді әнші.

Талқылау