Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иван Ургант қазақстандық депутаттың мас жүргізушілерді жазалау туралы ұсынысын мазақ етті

Ресей жүргізушісі Иван Ургант тікелей эфирде қазақстандық парламентаридің мас көлік жүргізушілерін көпшілік алдында жазалау керек деген ұсынысын тілге тиек етіп қалжыңдады.

8b3d92b0bfed9fb5cdc5c1b313bf274d

Бұл утралы Экспресс К хабарлайды.

«Сонда көңіл көтеру үшін ойын ойнаған сияқты. Ішімдік ішесің де, рөлге отырасың. Форма киген адамдар жолда тоқтатып, жауапқа тартпақ болады. Ол үшін Қазақстан билігі бұқараны қамшы астына алуға дайын болу керек».

Дмитрий Хрусталев бұл бастаманы «қазақша БДСМ» деп атады. Алайда, Иван Ургант оның бұл ойын түзетіп, «жол жүру қауіпсіздігінің мемлекеттік инспекциясы» деген өз нұсқасын айтып өтті.

Айта кетейік, өткен аптада сенатор Бектас Бекназаров премьер-министрге тізгінге мас күйінде отырған жүргізушілерді көпшілік алдында жазалау туралы ұсынысын жазған. Ресей мемлекеттік Думасының коммунистері мас күйінде көлік жүргізіп, адам өлімі болған апатқа себепкер болғандарды одан да ауыр жазалауға қарсы емес.

Светлана Абдрашитова

Жіберіп алмаңыз:

Сенат депутаты мас көлік жүргізушілерін көпшілік көзінше масқаралауды ұсынды

Талқылау