Итке бет-аузын жалатқан Баян Есентаева көпшіліктің ызасын келтірді (видео)

Сәрсенбі, 23 Қараша , 2016 12:56

Баян Есентаеваның атынан ашылған фейк парақшалардың бірінде продюсердің итті аймалап отырған видеосы пайда болды. Онда белгілі продюсер қызы Айсәуленің итінің асты-үстіне түсіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

ит баян

Былтыр продюсердің үлкен қызы Айсәуле Бақытбек шетелден ерекше тұқымды ит алып келген болатын. Жануарға LA деп есім де берілген. Қара түсті хайуанды бұл күндері 2 миллионнан астам адам біледі (себебі Баян Есентаеваның парақшасында оқырмандар саны 2 миллионнан асқан). Жуырда ғана танымал продюсер оның иесінің оқуға АҚШ-қа аттанғанын, сол себепті жануардың жабырқап қалғанын жазған еді.

Есентаеваның итке бет-аузын жалатқанын көрген желі қолданушылары продюсердің бұл қылығын ерсі деп тапты. Олардың басым бөлігі қазақтардың үйде ит асырамайтынын алға тартқан.

«Үйде ит ұстауға болмайды», «Ит жеті қазынаның бірі. Бірақ оның орны далада», «Итке аузыңды жалатпа, ол қазаққа жатпайтын қылық», «Ит асырағаннан гөрі бір бала асыраса сауабы жазылар еді», – деп пікір білдірді жазылушылар.

Есентаеваның қылығын қоштап, сөзін сөйлегендер де аз емес.

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар

Қарақат алғаш рет Қыдырәлінің алғашқы отбасы жайында айтып берді

Небәрі 3 жасында ән айтып Джексонның биін билеген Меденованың інісі таңқалдырды (видео)

Әли Оқапов «сүйіктісін» ән байқауынан шығарып тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
12 күні 21 сағат кері

Жетимди аймалап еркелет сен нур устине нур болар еди гои Баиян

Анонимно
14 күні 2 сағат кері

Салақ

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар