Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда итке белдік тақ деп бұйырған полицейге қатаң сөгіс берілді

Петропавлда көлікте отырған итке қауіпсіздік белдігін тақ деп бұйырған полиция қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

11309764

Сурет РИА Новости

“Сержанттың әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Аталған іс негізіндегі материалдар СҚО ІІД тәртіптік бақылау комиссиясында қаралды. Нәтижесінде сержантқа қатаң түрдегі сөгіс жарияланды”, – дейді баспасөз орталығы.

Еске сала кетсек, осы жылдың наурыз айында Петропавлда инспектор көлік тоқтатып, көліктің алдыңғы орындығында отырған иттің неліктен қауіпсіздік белдігін тақпағанына шүйліккен. СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай сол сәттегі полицейдің талабы еш негізсіз болған.

“ҚР жол қозғалысы ережесіне сәйкес көлік салонында жануарлардың орналасуына қатысты ешқандай тәртіп пен ережелер жиынтығы қарастырылмаған”, – делінген хабарламада.

Талқылау