Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Итальяндық дәрігер көмейі тарылған 6 қазақ баласына ота жасады (фото)

Астанада шетелден дәрігер шақырып, бірігіп ота жасаудың алғашқы жұмыстары басталды. «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Италиядағы Кальяри университеті жанындағы Медицина мектебінің белгілі профессоры Роберто Пужедудің қатысуымен шеберлік сабағын ұйымдастырған болатын.

102438d730c9fa3c4a855b051cf439d1

Сурет: © Жандос Кокумбаев

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Елімізде ауырып ем іздегендер дауа таппай, шетелге баруға мәжбүр болатын жайттар бізге таңсық емес. Сырқаты дендеп жанына ақ халаттылар араша түсе алмаған сәтте-ақ шекара асатындардың қарасы көп.

1825cfc99a59e6cec8947985f97f76cf

Тіпті, олар үшін медицинасы дамыған елде ота жасауға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп келеді. Бұдан былай қаржы шығындамай, балалар үшін шетелдік дәрігерлерді елге шақырып ота жасау тәжірибесі тұрақты жүзе аспақ. Әрі шетелдік білікті маманнан дәрігерлеріміз жаңа технологияның қыр-сырын меңгеріп, шеберліктерін шыңдауға мол мүмкіндік туып отыр.

Ота жасау оңай емес. Жанын шүберекке түйіп, пышаққа түскеннен науқастың дерті жазылып кетсе бір сәрі.

71252110cf9d43205823dd26ca770311

Айтайық дегеніміз, Астанада шетелден дәрігер шақырып, бірігіп ота жасаудың алғашқы жұмыстары басталды. «University Medical Center» корпоративтік қорының филиалы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында Италиядағы Кальяри университеті жанындағы Медицина мектебінің белгілі профессоры Роберто Пужедудің қатысуымен шеберлік сабағын ұйымдастырған болатын. Яғни, көмейі тарылған балаларға отаны енді шетелге бармай-ақ, Қазақстанда жасауға болады. Мұндағы басты мақсат – еліміздің дәрігерлеріне инновациялық технологияларды игеруде шетелден келген білікті маман арқылы ғылыми-тәжірибелік көмек көрсету.

«Ана мен бала» орталығында бұрын көрмеген жаңа ұжыммен ота жасаудың мен үшін орны ерекше. Бүгін ота жасайтын науқас балалардың дерті оңай емес. Жаңа аппараттың көмегімен балаларға саулық сыйлап, болашақта дұрыс қалыптасуына септігімізді тигіземіз», – дейді Роберто Пужеду.

«3-4 деңгейдегі стеноз болған жағдайда міндетті түрде хирургиялық жолмен емдеу керек. Оған анестезиолог, реаниматолог, оториноларинголог, балалар хирургі сияқты жоғары білікті мамандар тартылады. Ұжым толық болған күннің өзінде хирургиялық ем жоғары мамандандырылған және кешенді болады. Оған қоса науқас балалардан ілеспе күрделі аурулар анықталып жатады», – дейді Алмат Бекпан.

Балалардың көмейдің тарылуы, ларинго-трахеалды стеноз аурулары тыныс алуды қиындататын үлкен дертке баланады. Бұл туа бітті және жүре пайда болған болып бөлінеді. Қазір мұның әлемде жүре пайда болатын түрі кең таралған. Оған сыртқы жарақат, баланың ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатуы, жоғарғы тыныс алу жолдарын термикалық күйік шалуы, инфекциялық және аутоиммундық аурулар себеп болады.

«Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері итальяндық профессор Роберто Пужедудің басшылығымен көмейі тарылған 6 балаға ота жасады. Бұл балалар шетелде емделуге мұқтаж жандардың тізіміне енген. 2013 жылдан бері бұл алты бала «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының кіші инвазивті хирургия бөлімінің балалар оториноларинголог дәрігері Алмат Бекпанның қадағалауында болған.

«Шетелден дәрігер шақырып, елімізде ота жасаудың тиімділігі көп», – дейді балалардың оториноларинголог дәрігері Алмат Бекпан.

Мұндай оталардың құны медицинасы дамыған елдерде 20 мыңнан 30 мың долларға дейін жетеді екен. Ал елімізде жасау біршама арзанға түседі.

«Туабітті стеноз аз таралған, 10 000 адамға шаққанда біреуінде ғана кездесуі мүмкін. Өкініштісі, туа сала үлкен проблемаларға соқтырып жатады», – дейді бізбен әңгіме кезінде Роберто мырза.

Бір сағатқа жуық жасалатын отадан кейін бала аз күн дәрігер қарауында болып, көп ұзамай қатарға қосылады.

Роберто мен Алмат бастаған дәрігерлер тобы отаны сәтті аяқтады. Аз-кем тыныққан соң келесі науқастың отасы күтіп тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында 5 жасар қызды өлім аузынан құтқарған әскери дәрігерлер марапатталды

БҚО-да дәрігерлер ота жасаудың орнына бір-бірімен төбелескен (видео)

Дәрігер: Баян Есентаеваның мұрнына пластикалық  ота жасау қажет

Талқылау