Итальян жазушысы Умберто Эко дүниеден өтті

Жексенбі, 21 Ақпан , 2016 19:11

Итальяндық тарихшы, философ және жазушы Умберто Эко 84 жасында дүниеден өтті. Оның отбасы өкілдерінің айтуынша, жазушы жұма күні кеште өз үйінде көз жұмған. Оқиғаның басқа мән-жайы хабарланған жоқ.

Umberto Eco

 

Сурет greylib.align.ru сайтынан алынды

Ол «Раушанның есімі» атты романымен кеңінен танымал. Умберто Эко 1932 жылы Турин маңындағы Алессандрия шағын қаласында дүниеге келген.  1954 жылы ол Турин университетін бітірді, онда ортағасырлық философия мен әдебиетті оқып-үйренді.

Оның алғашқы романы – «Раушанның есімі»  1980 жылы жарық көрді. Бұл кітап кейіннен ең танымал әдеби еңбек болды және 1986 жылы экранға шығарылды. Фильмдегі басты рөлді Шон Коннери сомдады.

Умберто Эконың жетінші соңғы романы «Нөлдік нөмір» 2015 жылғы қаңтарда жарияанды.

Эконың өзі жазушылық  оның басты қызметі емес деп санады. «Мен  философпын. Мен романдарды демалыс күндері ғана жазамын», – деді ол. Эко 1988 жылы Сан-Марино университетінде коммуникация департаментінің негізін қалады. Ол Милан, Турин және Флоренция университеттерінде мәдениет пен эстетика теориясынан сабақ берді.

Умберто Эко көптеген университеттердің құрметті докторы. Ол философия, тіл білімі, семиотека, ортағасырлық эстетика бойынша көптеген эссе жазды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
16.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар