Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық ұшқыш ажырасамын деген әйелі үшін лайнерді жарып жібермек болған

Италиялық ұшқыш әйелін егер өзінен кетіп қалатын болса, жолаушылар мінген лайнерді апатқа ұшыратамын деп қорқытқан. Алайда, ұшақ әуеге көтерілуге бірнеше минут қалғанда рейстен алынып тасталған.

pilot

Сурет factroom.ru

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Ұшқыш пен әйелінің арасындағы дау бұрыннан бері құқық қорғау органдарының назарында екен. Әйел осыған дейін күйеуі тарапынан жасалған қоқан-лоққы бойынша шағымданып ажыраспақшы болған.

Екі жүзге жуық адам тіркеліп қойған Рим-Токио рейсінің алдында ұшқыш әйеліне смс хабарлама жібереді. Онда ол егер ажырасатын болса, ұшақтың күл-талқанын шығаратынын жазыпты. Смс-ті ала сала әйел дереу әуежай қызметкерлеріне хабарласқан. Осыдан соң әуе компаниясы ұшқышты жұмыстан аластап, психотерапия курсын қабылдауға жіберген.

Оқиға 2015 жылдың қаңтар айында болған. Сол уақыттан 3 ай өткеннен кейін Germanwings әуе компаниясының 150 адам мінген A320 лайнерін Андрес Любиц есімді ұшқыш тауға қарай бағыттап апатқа ұшыратқан еді. Кейін белгілі болғандай екінші ұшқыш командирді экипаж бөлмесіне кіргізбей кілттеп алып, апатты әдейі ұйымдастырғаны анықталған.

Талқылау