Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық медбике 13 емделушісін өлтірді деген күдікпен тұтқындалды

Италияның құқық қорғау органдары Пьомбино қаласында жұмыс істейтін медбикені тұтқындады. Оған 13 емделушіні өлтірді деген айып тағылып отыр.

sss

Пьомбино ауруханасының жансақтау бөлімінде жұмыс істеген дәрігер 2014-2015 жылдар аралығында емделушілеріне қатысты қылмыстық әрекеттерге барды деп күдікке ілінген. Жүргізілген зерттеу бойынша дәрігер “өлім құралы” ретінде ешқандай емделушіге ресми түрде тағайындалмаған дәріні беріп отырған. Медбикені тұтқындау әрекеті бейсенбі күні жүзеге асқан. Осы зерттеу аясында арнайы қызмет өкілдері тінту жұмыстарын жүргізбек.

Пьомбинода болып отырған бұл жағдай Италия тарихындағы алғашқы адам шошырлық әрекет емес. 2014 жылы наурыз айында Луго ди Романья қаласындағы Умберто ауруханасының медбикесі 78 жастағы емделушінің өліміне себеп болды деп айыпталып өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бірнеше жыл бұрын тағы бір ер дәрігер 2009 жылы 5 қарт адамға қарсы қылмыстық әрекет жасады деп өмір бойына түрмеге жіберілген.

Талқылау