Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық әйел өз-өзіне тұрмысқа шықты (фото)

40 жастағы италиялық әйел Лаура Меси өз-өзіне тұрмысқа шығып, дүркіретіп той жасады. Ақ көйлек киіп, бірнеше құрбысын қыз жолдас еткен әйел «үйлену» тойына 70 адам шақырған.

Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Лаура 40 жасқа дейін отбасын құрмаса, өз-өзіне тұрмысқа шығатынын айтып, ата-анасына уәде беріпті. Әйел осындай тәсіл арқылы уәдесін орындамақ болған.

«Әр адам бірінші кезекте өзін жақсы көруі тиіс деп ойлаймын. Ал ертегіні ханзадасыз да жасауға болады», – деп атап өтті Лаура.

Басылымның хабарлауынша, Лаура бұған дейін 12 жыл бойы өзі сүйген азаматпен жақын қарым-қатынаста болған. Алайда ғашықтар осыдан екі жыл бұрын айырылысып кеткен көрінеді.

Салтанатты түрде өткен тойдың ешқандай заңдық күші жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Мексикада әдемі емес жігіттердің жиналуына байланысты сұлулық байқауы тоқтатылды

Мексикада аспаннан балық жауды (видео)

Дубайда ұшқышсыз тұңғыш әуе таксиі көкке көтерілді

БАӘ имамы: Әйелдердің ақылы кем. Оларға көлік тізгінін беруге болмайды

Талқылау