Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық актриса Сильвана Пампанини қайтыс болды

Атақты актриса 91 жасқа қараған шағында Римде көз жұмды

390541

Пампанини Римде 1925 жылғы 25 қыркүйекте дүниеге келді. Ол 1946 жылы сұлулық байқауында «Италия аруы» атанған.

Алғаш рет 1947 жылы «Апокалипсис» фильміне түскен. Пампанини «О’кей, Нерон» (1952 жыл), «Президентша» (1952) және «Рим сұлуы» (1955) картиналарында сомдаған рөлдерімен танымал болды.

1960 жылдардың ортасында актриса көбінесе телевидениеде жұмыс атқарды. 1983 жылы біраз үзілістен кейін, киноға қайта оралды. Онда «Таксиші» фильміне түсті. Соңғы он жылын ол Монако княздігінде өткізді.

Актрисаны 8 қаңтарда соңғы сапарға шығарып салады.

Талқылау