Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиядағы жеңісінен кейін күлкіге қалған қазақстандық шаңғышы өз әрекетін түсіндірді

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин “Тур де Ски” көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңіндегі жеңісінен кейін берген “әдепсіз” сұхбатына қатысты пікірін айтты.

“Аздап күліп алдыңыздар. Мен әдейі істеген жоқпын, рас айтамын”, – дейді Полторанин.

Бұл жайт сұхбат кезінде журналистің қазақстандық шаңғышыға ағылшын тілінде сұрақ қойған кезінде болды, ол күліп, орыс тілінде жауап берді: “*** (блин), говорите слишком быстро. Я не понимаю”.

“Аздап күліп алдыңыздар. Мен әдейі істеген жоқпын, рас айтамын”, – деп жазды Полторанин парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин “Тур де Ски” көпкүндігінің Италиядағы Валь-ди-Фьемме аймағында өткен масс-старт кезеңінде топ жарды.

15 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында қазақстандық спортшы бірінші болып келді. Ол аталған қашықтықты 38 минут 40,3 секундта жүріп өтті. Екінші орын алған ресейлік Андрей Ларьков отандасымыздан 0,4 секундқа кеш келді. Үздік үштікті канадалық Алекс Харви түйіндеді.

Алексей Полторанин “Тур де Ски” көпкүндігінде екінші рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Осыған дейін отандасымыз 15 шақырымды классикалық әдіспен жекелей жүріп өтуде күміс жүлде еншілеген еді.

Кешегі жарыс қорытындысы бойынша Алексей Полторанин жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Бірінші орында швейцариялық шаңғышы Дарья Колонья келеді. Үштікте ресейлік шаңғышы Сергей Устюгов тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қыздар арасында 10 шақырымды классикалық әдіспен жүрудегі масс-старт сынында норвег шаңғышысы Хейди Венг жеңімпаз атанды. Екінші орынды фин Криста Пярмякоски иеленсе, австриялық шаңғышы Тереза Штадлобер үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстандық Анна Шевченко 16-орыннан көрінді.

Тағы да оқыңыз:

Атышулы Айжан Байзақова өзінің қамауда болғаны, даулы видео мен екіжүзділер жөнінде айтты

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Байзақова атышулы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты (видео)

Талқылау