Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италияда турист автотұрақпен шатастырып көлікпен метроға кіріп кеткен

Оқиға Италия астанасы – Рим қаласында болған. Қалаға келген туристің бірі жалға алған көлігімен автотұрақ екен деп ойлап, метроға кіріп кеткен. Метроның кіре-берісі жер астына қарай құлдилай салынған екен.

c75e24de07799e4ab61af6c8d41245ab__660x

Суреттер: lifenews.ru

Жергілікті БАҚ өкілдерінің айтуынша, оқиға Римның оңтүстік батысындағы «Маляна» стансасында болған.

c6574ef09bf0e8d0ece2f96ee8fa3b61__660x

«Мен бұл жерді автотұраққа кіретін жер деп ойлағам. Ал, тұрақпен шатасып метроға кіріп кеткенімді білген уақытта бәрі кеш болды», – дейді турист полицейлерге.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары туриске 40  евро көлемінде айыппұл салып босатқан. Алдағы уақытта кінәлі азамат зиян келтіргені үшін өтемақы төлеуге міндеттеледі. Көлік кесірінен метроның бірнеше сатысы қирап қалған.

4c9fe5b46ead45047457c63e47299638__660x

Қуанышқа орай, жүргізуші де, оның әйелі мен балалары да зардап шекпеген. Сатыдан түсіп келе жатқан көлікті көрген олар дер кезінде қашып үлгерген.

Талқылау