Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Италияда танымал футболшы Роналду бейнеленген дәретхана қағаздары сатыла бастады

Неаполь тұрғындары португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың «Ювентус» клубына ауысуына қатысты көзқарастарын білдірді. Аталған клуб Италия чемпионатында жергілікті «Наполи» командасымен бақ сынасатын болады.

Италияда танымал футболшы Роналду бейнеленген дәретхана қағаздары сатыла бастады

Бұл туралы Calciomercato басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қалада 33 жастағы футболшының туриндік клубтың формасын киіп тұрған суреті бейнеленген дәретхана қағаздары сатылымға шыға бастады.

Басылымда аталғандай, неаполитандықтар бұған дейін де футболшылардың қарсылас клубтарға ауысуын теріс қабылдап келген. Мысалы, аргентналық Гонсало Игуана «Наполи» клубынан «Ювентуске» ауысқан кезде де сатылымға футболшы бейнеленген дәретхана қағаздары түскен еді.

Естеріңізге сала кетсек, Роналду “Реал” клубынан “Ювентуске” ауысқан еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр